Өсімдіктер адамдардың өмірінде өте маңызды рөл атқарады. Ағаштардың жасыл жапырақтарында пайда болатын фотосинтез процесінің арқасында, тірі ағзаларға тыныс алуға қажетті оттегі өңдіріледі. Сондықтан, өсімдіктерді біздің планетамыздың өкпесі деп атауға болады. Атмосферамыздың 20%-ы оттегіден тұрады, ол болмаса адамдар, жануарлар және құстар тірішілік ете алмай, планетамыз жансыз шөл далаға айналатын еді.
Ағаштар өнеркәсіпке және шаруашылыққа үлкен пайдасын тигізеді. Оны отын немесе құрылыс материалы ретінде қолданады. Қағаз, ацетон, эфир майлары және спирт ағаштан жасалады. Болашақта ағашты басқа материалдармен алмастыру көзделіп отыр. Қалаларды оттегімен байыту мақсатында – көшелердің бойында гүлзарлар мен көгалдар отырғызылып жатыр. Халықтың денсаулығын сақтау үшін, айналамызда көбірек өсімдік болуы керек. Сондықтан, оларды қорғау және жасыл кеңістікті ұлғайту біздің міндетіміз. Өсімдіктердің бізге тигізетін пайдасы өте үлкен, мұны әрбір адам түсініп, оларға күтім жасауы керек.
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
С 69 7 тасырма сурактарды пайдаланып, диаог курындар
Киіз үй — Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы; Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі.Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі.
Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүрді.
Киіз үй-көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй.Оның қабырғасы торлап көктелген керегеден тұрғызылады.Кереге әдетте екі түрлі болады.Оның бірі кең көзді кереге « желкөз» деп аталады.Бұл артуға жеңіл, бірақ сәнсіз, сүйегі жеңіл болғандықтан желге төзімсіздеу болып келеді.Екінші түрі тар көзді кереге – «торкөз» деп аталады, ол артуға ауырлау болғанымен , желге өте төзімді.Кереге жиналмалы бөлек-бөлек қанаттардан жасалады.Ал керегеден жоғары сидам, жіңішке ағаштан жұмырлап жасалып, қарны иілген уықтардан қаусырыла күмбез шығарылады
Объяснение:
жауабы осы