Әрине, әрбір өткен заманды, әрбір кезеңді жырлап келе жатқан кітап еш уақытта құндылығын жоймақ емес. Себебі кітап-алдыңғы шептің кейінгі ұрпаққа қалдырған мұрасы, көңілге түрлі ой түйгізетін, рухани жағынан есейтетін жан азығы. Осы уақытқа дейін білімнің бәрі кітапта ғана болып келді. Әйтсе де, атам қазақтың «уақыт керуеніне бөгет жоқ» дегені рас. Бүгінгі күні кешегі бабаларымыздың шамның жарығымен кітап оқу ескі заманы артта қалып, жаңа технологиялардың саны артып, ғылым да күннен-күнге даму үстінде. Соның бір парасы «әлемді торлаған ғаламтор». Болашағы зор ғаламтордың пайда болғанынан бері, халық кітап оқудан қалды деуге болады. Өйткені бұрындары әрқайсысы жеке-жеке ұсынылатын аудио, бейне жазбалар, суреттер, әндер, оқулықтар, әдебиеттерді қазір бір ғана ғаламтордан-ақ пайдалана аласың. Қаншама қажеттіліктің бір жерде шоғырлануы халық үшін тиімді, әрине. Ендеше, ғаламтордың да пайдасын жоққа шығаруға болмайды. Сол арқылы біз басқа елдермен де байланысқа шығамыз, көптеген деректерге қанығамыз және ғаламтор еліміздің, әлемнің түкпір-түкпірінде орын алып жатқан оқиғаларды, жаңалықтарды тез жеткізуші. Ғаламторда том-том кітаптардың ықшамдалған нұсқасын оқуға мүмкіндік бар. Әрине, онысы уақыт үнемділігі үшін жақсы. Дегенмен монитор алдында көсіліп отыра берсек, бас ауырып, көру қабілет те нашарлайтыны анық. Жалпы, компьютердің зияны туралы мақалалар өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап жарық көрген. Соған байланысты бүгінгі таңда «Кітаптың пайдасы мол ма? Ғаламтордың қандай пайдасы бар?» деген сауалды мамандарға жолдадық.
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
. «Ғарыш» сөзіне дыбыстық талдау жаса
ғ-дауыссыз,а-дауысты,р-дауыссыз,ы-дауысты,ш-дауыссыз
Объяснение: