Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды. Шидем мен тон қабаттап киген малшы Бет қарауға шыдамай теріс айналды. Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы Титығы құруына аз-ақ қалды. Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр, Малшыларым, қор қылма итке малды. Соныға малды жайып, күзетіңдер, Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды! Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін, Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
Тихонова
10.08.2022
Мен натюрморт салдым,СуреттІ мен қара қарындашпен салдым.Бұл суретте мен вазадағы раушангүлдердің желектерінің түсуін және, қасында жүзіммен екі алманы бейнеледім Бұлардың барлығы терезенің қасында үстелдің үстінде тұр.Мен бұл суретке барлық зейінімді салдым.Мен осы натюрмортты алғашқы салуым,Көбінесе мен пейзаждарды салуды ұнатамын,соның ішінен аңдарды,гүлдерді және табиғатты,Мен қара қарындашпен салуды өте ұнатамын,сондықтан суреттерге мен өз жанымды саламын!
Я нарисовала натюрморт.Рисовала рисунок простым карандашом.На нем изображена ваза с опавшими розами,рядом виноград и пара яблок.Эти объекты находятся на столе у окна. Я очень старалась.Я никогда не рисовала натюрморты.Больше всего люблю рисовать пейзажи особенно животных,цветы,природу.Мне нравится рисовать карандашом и поэтому я вкладываю в свои рисунки, всю свою душу!