ajuli2
?>

Жітіқарақшы үркердің қызын ұрлауы мәтін құру

Казахский язык

Ответы

korj8

Елбасының жолдауын және ол туралы жазылған пікірлерді оқи отырып , еліміздің тарихын зерттеп зерделеу-жас ұрпақтың бойына сіңіру бүгінгі біздің қасиетті парызымыз деген ойға қалдым.Қазіргі жоғарғы стандартпен білім алып отырған жастарымыз және шетелдіктер елімізді тек Астанамен танитындығы еліміздің тарихын танытуға жаңа бағыт ,жаңа леп керек екендігін байқатты. Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы осы мәселеге дұрыс бағытта жаңа леп беретіндей.Бұл мақалада біз ұлы елдің ұлы мұрагері екенімізді жас ұрпаққа кеңінен насихатталған. Алғашқыда қарапайым ғана атқа міну әдебі туралы айтылған бөлімді алатын болсақ, еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді.

 

Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал, жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты1- дей отырып ұлы дала халқының атқа міну мәдениеті сол үшін ыңғайлы киімдер; шалбар, ыңғайлы өкшелі саптама етіктің мұрагерлері,таратушысы болғаны  ұлы дала халқының аса жоғары деңгейдегі мәдениеттің Отаны екенін көрсетеді. Расында, әлемді дүр сілкінткен Шыңғысханның әскерінің негізгі күші осы атты әскер болса,оның көп бөлігі  осы ұлы Даланың халқынан құралған2.Бұдан кейінгі металлургия мен аң стилінің әлемдік өнердің биік белестерінің екенін айта отырып жас ұрпаққа оны зерттеп дамытуға,отандық сәнгерлерге осы стильді неге шабыт пен сәннің жоғары белесіне жеткізбеске деп ой салатындай.Бұдан кейінгі елімізден табылған біздің тарих үшін баға жетпес қазына болып табылатын «Алтын адам» және онымен байланысты шыққан мифологияны еске түсіре отырып, ол тек біздің еліміздің ғана емес әлемдік тарих үшін де баға жетпес қазына екенін ұмытпауды тапсырып,одан кейінгі  еліміздің киелі мекендерінің бірі –Түркістанда  ғылым мен тарихтың дамуының ежелден бастау алғандығын көрсетеді. Ал бұған дәлел әлемдік тарихта  «екінші ұстаз» атанған Әбу Насыр әл Фараби атамыздың Отырар аумағында туылғанын, өмір сүргенін, оның ілімінен сусындаған Ибн –Сина немесе Авиценна, Ұлықбек, Мұхаммед Қашғари, Мұхаммед хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұнилердің есімі бізге белгілі. Бұлардың ішінде Дулати бұл дулат руының ұрпағы  екенін,  Жүсіп Баласағұни Баласағұн қаласынан шыққанын және бұл қалалардың осы Түркістан аумағына жақын қалалар болғандығын жас ұрпақ білмей кетуі де мүмкін. Сондықтан осы бағыттағы жұмыстар жандандырылуы керек екеніне нұсқау болардай.Ал Ұлы Жібек жолы ол әлемдік сауда керуен жолының маңызды нүктесі біздің еліміздің көптеген қалалары арқылы өткенін біліп түйсінудің өзі еліміздің тарихы үшін мақтануға тұрарлықтай. Бұдан кейін еліміздің алма мен қызғалдақтың отаны екендігі көп айтыла бермейтін тың тақырып. Мысалға, әлемге таралған қызғалдақтың 35 түрі болса, ол біздің елімізде өсетін қызыл,сары қызғалдақтың ұрпағы.Ал бұл гүлдер тек қана шөл шөлейтті жерде өсетіндігін ескерсек,біздің еліміздің көп бөлігі осындай шөл шөлейттің жері емес пе, бұған қарама қарсы алма ылғалды, қоңыржай белдеуде өсетіндігін білеміз. Сонда шөлдің әсем өсімдігі қызғалдақ пен қоңыржай белдеудің тәтті жемісі алманың  отаны біздің еліміз деген пікірдің өзі біздің даламыздың ұлылығын, тылсымдылылығын, сан қырлылылығын  айшықтай түседі емес пе?Елбасымыз болашақ ұрпақ алдына осындай міндеттерді қоя отырып, «Тарихи сананы жаңғырту»бөлімінде осы міндеттерді шешу үшін бірнеше ірі жобаларды  ұсынады.Архив-2025 жобасы арқылы елімізде кең ауқымда жүргізілген «Мәдени мұра» жобасы негізінде көптеген жаңа зерттеу жұмыстарын  бір жүйеге келтіріп, оқырман  қауымға  кең аумақта қолжетімді жеткізу де басты назарда болуы шарт.Бұл үшін заман талабына сай цифрлау жүйесін енгізуді  тапсырса, ендігі бір айта кететіні орта білім беретін мектептердегі тарихи-өлкетану мұражайларының жанынан тарихи-археологиялық қозғалыстардың рөлінің маңыздылығын айрықша атап көрсетті. Осы бағыттағы жұмыстың бастауы ретінде үстіміздегі жылдан бастап  білім ошақтарында өлкетану сабақтары жүргізілуде.Болашақта осы жұмыстар кең ауқымда қолға алынып, тарихи-археологиялық қозғалыстар бүкіл қауымның аса назарға алып, ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп қалдыратындай  дүние болуы үшін  жан-жақты жұмыс жасалынатындығына сеніміміз мол.

Объяснение:

спец387
Жаңа жылдың әр елде әр кезде мерекеленіп, әр халық өз салт-дәстүрімен қарсы алатындығы хақындағы деректерді көбіміз біле бермейміз. Мәселен, Лаоста бұл күн ыстық маусымның аяқталып, жаңбырлы кезеңнің басталатын сәуір айының ортасында мерекеленеді. Сонымен бірге непалдықтар да өздерінің жаңа жылдарын 13 сәуір күні атап өтеді. Жыл санауларын күн күнтізбесі бойынша есептейтін бұл ел ХХІ ғасырдың күн парағын әлдеқашан ашқан. 2009 жыл – Непал үшін 2066 жыл болып саналады. Грегориан күнтізбегін қабылдағанға дейін Қытай, Жапония, Корея елдері жаңа жыл мерекесін 20 қаңтар мен 18 ақпан аралығында мерекелеп келгені белгілі. Римдіктер азаматтық жылдың басталуын 1 қаңтар күнінен санаған. Ағайын – туғандарға, жора – жолдастарға, жақын – таныстарына құттықтау хаттарын жазып, базарлықтар сыйлауды ең алғаш римдіктер ойлап тапқан. Көптеген араб елдері жаңа жылды Ай күнтізбегі бойынша атап өтуді дәстүрге айналдырған. Кезінде Юлиан күнтізбегін пайдаланған Еуропаның көптеген мемлекеттері жаңа жылды 7 қаңтарда мерекелесе, Англия 1752 жылға дейін жыл мерекесін 26 наурыз күні өткізіп келді. 1699 жылға дейін ежелгі дәстүр бойынша Ресей тұрғындары жаңа жыл мерекесін 20 желтоқсан күні қарсы алып келгені мәлім. Шығыс елдері дәстүрлі жыл басы мерекесін күн мен түннің теңелген күні яғни 22 наурызда атап өтеді. Қай ел, қай халық болсын, жаңа жылды салтанатты жағдайда мерекелеп, оған айрықша мән берген. Олардың жылды қарсы алудағы бір-біріне ұқсамайтын өз дәстүрлері бар. Жалпы алғанда, әсем ойыншықтары жарқыраған жасыл шырша Жаңа жылдың символына айналған. Жаңа жылдық тұңғыш шырша 1600 жылы Герман провинциясы Эльзаста орнатылған, депті-мыс. Алғашқы кезде шыршаны қағаздан жасалған раушан гүлдерімен безендірсе, 1737 жылдан бастап көз жауын аладайр зерленіп оқаланған түрлі әшекей ойыншықтармен көркемдеу дәстүрге айнала бастады. Адамдардың мерекеге арнап шыршаны таңдауы да кездейсоқ жағдай емес. Ертедегі египеттіктер, римдіктер басқа да еуропалықтар шырша түсін өшпес өмірдің белгісі санаған. Сондай – ақ, мәңгі жасыл өсімдіктер – қарағай, лавр, кипаристерді де ерекше құрметтеп, мәңгілік өмір мен денсаулық осыларға байланысты деп есептеген. Жасыл шыршалардың өз рекордтары да бар. Мәселен, әлемдегі ең биік шырша 1950 жылы желтоқсанда Американың Сиэтл қаласында орнатылыпты. Оның биіктігі 67,4 метр екен. Ал жасыл шыршаны құлпыртып безендіруде Лантана қаласында орнатылған (Флорида штаты) шырша иемденеді. Биіктігі 38 метрлік бұл жасыл аруға 15100 сырға шырақ, ұзындығы 850 метр болатын гүлтізбесі, 1500 ойыншық, 500 алуан түрлі әшекей заттар ілінген. Ең үлкен жасанды шыршаны аргентиналықтар жасапты. Буэнос – Айрестің орталық алаңына тұрғызылған «ғажайып ағаштың» биіктігі отыз метрден асқан. Жыл он екі ай бойы келушілердің таңдайын қақтырған ерекше шырша Сент – клаус қаласындағы (АҚШ, Индиана штаты) жұрт аяғы сейілмейтін көрікті де сұлу саябақта «бой көтерген». Бұл шырша алуан түрлі әшекей, ойыншықтармен жыл бойына безендіріліп тұрады, өйткені, осынау жасыл арудың сабағына өзіңнің кез-келген әшекей затыңды іліп қою – үлкен бақыт. Сондықтан да осы жерге қала тұрғындары мен қонақтары әсте құр қол келмейтін көрінеді. Ал жылдарға жануарлар атын беру дәстүрі ежелгі Қытайдан басталған екен

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Жітіқарақшы үркердің қызын ұрлауы мәтін құру
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

elenaneretina
legezin
ooottdi
leonidbaryshev19623
tokarevaiv
daryagulyaeva
Svetlaru70
vfilina
evainvest1
tat122
reznikvi
АЛЕКСЕЙ
Soliyabronzoni
tteplovoz3789
Alisa