Қазақстанның көрікті орындары
Қазақстан — табиғаты көркем, жанға жайлы әсем жерлерге өте бай өлке. Жер жәннаты Жетісу, асқар шыңды Алтай, емдік қасиеті мол Алакөл, көрген көзді таң қалдырар Балқаш, суы балдай, шөбі шүйгін Баянауыл, ауасы шәрбат Қарқаралы… Біздің елдегі осы іспетті көрікті жерлерді айтып тауыса алмайтындайсың! Қарасаң көзің тоймайды!
Бурабай шатқалы
Жер шарының ең көрікті жерлері саналатын Ақмола облысының аумағында «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы орналасқан. Бурабай Қазақстандағы ең танымал демалыс орындарының бірі. Бұл жер бетінде сирек кездесетін өзіндік орны бар географиялық пункт ретінде кеңінен танымал. Бурабай шатқалының жоғарғы жағы Қазақ ұсақ шоқыларының құрамына кіретін аласа таулы елдерді көрсетеді. Биік таулар және қылқан жапырақты орман, айдынды көл және таза ауа. Табиғаттың шипалы қуаты жақсы демалуға және денсаулықты қалпына келтіруге мүмкіндік тудырады. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай. Бурабай өлкесінде қонақ үйлер, шипажайлар, демалыс үйлері орналасқан. Демалыс орындарындағы екі кісілік бір бөлмені жалға алудың орташа құны жаз айларында 10 000-15 000 теңгені құрайды. Жаз айларында балалар лагері жұмыс жасайды.
Сегіз Көл Park Resort клубы
Алматы қаласының сыртқы аумағындағы Сегіз Көл Park Resort клубының территориясында ТМД мен Орталық Азиядағы ең үлкен Жағажай клубы орналасқан, оның жалпы ауданы 20 000 шаршы метрді құрайды, бұл бір уақытта мыңнан аса келушілерді қабылдауға мүмкіндік береді. Сегіз Көл Park Resort-тағы демалыстың ерекшеліктерінің бірі – оның әмбебаптылығында. Сізге қандай демалыс ұнайды? Бүкіл отбасыңызбен табиғат аясына шығып серуендеу ме? Телефондарыңызды сөндіріп қойып, ойыңызды жинақтау үшін бір-екі аптаға оңаша қалу ма? Әлде серіктестеріңізді шақырып келіссөздермен қатар бейресми әңгіме жүргізу ме? Достарыңыздың басын қосып, тек ер адамдар ғана жиналып балық аулау ма? Мүмкін бұл екі адамға арналған романтикалық демалыс болатын шығар? Қалай болғанда да, сіз бір нәрсеге сенімді болыңыз, Сегіз Көл Park Resort-қа мейлі бір күнге, мейлі бірнеше күнге келіңіз, ол сізге тамаша сәттер сыйлай алады.
Алакөл жағажайы
Алакөл демалыс жағажайы туралы естімегендер кемде-кем болар. Демалыс аймағында жүргізілген соңғы жөндеу жұмыстарынан кейін, Алакөлдің көркіне көрік қосылып, жыл сайын демалушылардың қатары көбеюде. Көл суы көптеген ауруларға ем. Адам денесіндегі қотырлар мен жаралар бірер түскен соң, сыпырылып түсіп қалады. Суға түсіп шыққанда, көңілің өсіп, қанағат табады. Жағаға жақын, тығыз орналасқан демалыс үйлері өте көрікті және мейрамханалар мен кафелердің саны да көп. Алакөлдің шипалы суын шетелдіктер де жақсы білетін болғандықтан, тек Қазақстанның түкпір-түкпірінен ғана емес, сонау Ресейден, Украинадан, Орталық Азия елдерінен келіп демалып, денсаулығын нығайтып қайтып жатады. Жаздың шуақты ыстық айларында бұл араға кемінде 100-150 мың адамға дейін келіп кетеді.
Қазақстандағы сапалы шипажайлар
Сондай-ақ, Қазақстан шипажайлық қорларға бай өлке. Мұнда 1930-1960 жылдар арасында шипалы су мен емдік балшығы мол көптеген жерлер табылып, зерттеліп, қазір адам игілігіне жаратылуда. 1986 жылдан бастап, Қазақстанда мемлекеттік мәні бар Бурабай, Алма-арасан, Сарыағаш, Меркі, Манкент, Жаңақорған және жергілікті шипажайлар Қапаларасан, Барлықарасан, Ақжайық, Алатау, Оқжетпестер өз қызметтерін бұлжытпай атқаруда. Қайталанбас құйқалы қыраттар, ойлы-қырлы бедерлер, суы сылдыраған жыралар, бағзыдағы бабалардан жалғасқан мұралар… Бауларындағы өзгеше өскен ағаштар. Тынысыңызды ашатын саябақтар мен саяжолдар, аңқыма жұпар шашатын гүлзарлар… Жоғарыдағы кез келген шипажайдан осындай тамаша көріністерге куә бола аласыз!
Қапшағай
Қапшағай қаласының туристік әлеуеті Қапшағай су қоймасының ресурстарына негізделеді. Іле өзенінің оң жақ жағалауындағы жартастарға салынған суреттердің сізді таңқалдырмауы мүмкін емес. Қапшағайдағы демалушылардың ең жиі баратын жері–1994 жылы арнайы итальяндық жоба бойынша салынған қалалық аквапарк. Бұл кешенде балаларға, сондай-ақ үлкен кісілерге арналған арнайы су аттракциондары бар. Кейінгі жылдары Қапшағай су қоймасының демалыс базаларына әр түрлі іс-шаралар, би кештері, спорттық жарыстар, түрлі акциялар өткізу кеңінен таралып келеді.
Іле Алатауы жоталарындағы демалыс орындары
Шыңдары көкпен астасқан, құздары шатқалға ұласқан Iле Алатауы жоталарының қойнауы — табиғат ананың көңілі дарқан қазақ жұртына берген баға жетпес сыйлығы десек, артық айтқандық емес.
Тамаша табиғат жаратылыстары Алма-арасан, Ақсай, Түрген шатқалдары, Маралсай соның куәсi. Дәл осы демалыс аймақтары — жаз маусымының жаймашуақ күндерінде жанұяңызбен немесе достарыңызбен уақыт өткізуге таптырмас мекен болмақ.
Ал, осы маңдағы «Алма-Арасан» шипажайы бүгінде жүйке жүйесі, әйел аурулары, аяқ, қол, буын тері және асқазан ауруларын емдеуде үлкен жетістіктерген жетіп отыр.
Объяснение:
Аяз би туралы айтылатын ертегі-аңыздардың бәрінде дерлік Жаман қойшының Мадан хан сынынан өтуі, үйленуі, ханның күншіл, ақылсыз қырық уәзірін өлімнен құтқаруы, оның даналығын, достыққа адал, сертке беріктігін, әділдігін мойындаған хан өз тағын беруі сөз болады. Жаман хан болғаннан кейін де жыртық тоны мен жаман тымағын хан сарайы босағасына ілдіріп қояды. «Кей-кейде хандық тақтың буымен көңілім тасып, асып бара жатқандай болсам, соған көзім түседі де, тез тәубама келемін» дейді екен. Сөйтіп ол жыртық тоны мен жаман тымағын көрген сайын тәубасынан жаңылмай, өзіне-өзі: «Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» деп отыратын болған.Өмірдегі реалды нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегі жанрының өзіндік қасиеті болғандықтан, ертегіші де оның мазмұнын барынша әсірелеп көрсетуге, сырлы да ғажайып етіп көрсетуге күш салады. Мәселен, «Аяз би» ертегісіндегі ханның әлсіз, жоқ-жітік, жаман қойшының ақыл-парасатын мойындап, оған хандық тағын сыйлап беруі өмірде әсте болуы мүмкін емес жағдай. Бірақ ертегіші осылай баяндайды, тыңдаушы оған иланады. Өйткені ертегіні айтушы да, тыңдаушы да өмірде бір рет болса да солай болғанын қалайды, соны армандайды. Қысқасы, Аяз биді өмірде болған тарихи тұлға дегеннен гөрі, халықтың «ел басқаратын адам осылай болу керек» деген арманынан туған Арман ханы, ел билеушіге тым ертеде ескерткен халық даналығы мен асқақ мұратының көрінісі деген орынды.
если что обращайся
я не знаю правильно или нет но удачи тебе) выпишите что ты сможешь
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1-тапсырма. Кестені толтыр 1. Әңгіменің идеясы қандай? Архаттың жолға шығу себебі неде? 2. Көздеген жеріне не себепті жетпеді? 3. Шығармада қандай тарихи оқиға туралы айтылады? 4. Не себепті «Прописка» деп аталған?
ответ
Объяснение: