Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Аңыз әңгімелердің тарихи адамның төңірегінде тууының, негізгі себебі сол адамның өз басына істеген, ісіне, белгілі бір тарихи кезеңде атқарған рөліне, әлеуметтік мәні зор еңбегіне байланысты. Ол адам батыр, не ел басшысы, «ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен» шешен би немесе әділеттік іздеуші, халық мұңын жырлаушы күрескер болуы мүмкін. Аңыз әңгімелерде халықтың қо болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады. Аңыз әңгімелердің бәрі бірдей бір сюжет, бір идеялық мазмұныда бола бермейді. Тақырыбы бір болғанымен, идеялық мазмұны әр басқа болуы да мүмкін.
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1 Уәкілетті органмен бекітілген, көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатында техникалық реттеуобъектілеріне ережелеріне, жалпы принциптермен сипаттамаларды белгілейтін құжат-
Ізгілік туралы эссе.
Ізгілік (гуманизм) - адамның кісілік қадір-қасиетін, адамның еркіндігін, адамның бақытқа құштарлығы мен талпынысын, адамның құқы мен жауапкершілігін, арын, намысын, мейірбандығы мен қайсарлығын, адамның жасампаздығын - яғни адамның барша адами қасиеттерін ұлықтайтын, даралығы мен дамуын діріптейтін идея.
«Ізгілік пен игілік жоқ жерде әсемдік те жоқ» деп Сократ айтқандай, ізгілік адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Ізгілік ешқашан да өлмейді.
Ізгілік – өнегеліліктің шыңы. Ізгі адам қашанда өзгелерге жақсылық ойлап, жамандық атаулыдан аулақ болады. Ол өзгелерге қамқор болып, көмектесіп, «тек жақсылығым тисе екен» деген ізгі ниетте болады.
«Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, халық атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелейді.
Сондықтан қолымыздан келгенше ата – ана, бойымыздың өнегелі тәрбиесін бойымызға сіңіріп, ізгілік нұрын жинайық.