ответь:Алдымен әже тәрбиесі арқылы бала жақсы-жаманды ажыратып, үлкен-кішіні тани бастайды. Мінез-құлық, тіл тәрбиесі қалыптасып, бала үй шаруасына бейім, елгезек тілалғыш, мейірімді болып өседі. Әженің алдын көрген балаға былайғы жұрт тәрбиелі бала деп баға береді. Әже тәрбиесі көбіне «олай істеме, былай істе», «бүйтсең жаман, өйтсең жақсы»деген вербалды сипатта, ақылгөйлік мазмұнда болып, әженің мейірімі мен жүрек жылуына бөленіп өседі. Осылайша жас бала қазақы ортадағы моральдық-этикалық нормалармен таныса отырып, адами тұлғаның қалыптасуына ғана емес, дәстүрлі ырым-тыйымдар жүйесінің қағидаттарын біртіндеп бойына сіңіре бастайды.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Арман өлеңнен 3 есімдік мен 3 үстеулерді табыңыздар. Арман өлең: Ерте, ерте, ертеде Отырарда, Біздің іңкәр өлкеде, Иық бұрмай тек білімнен басқаға Қатар өсті екі бірдей жас бала. Қатар жүріп сан өнерге машықты, Бірге оқыды, бірге ойнады асықты. Екеуіне назар бұрды ел ерек, Өйткені олар дарынды еді керемет. "Таңдайымыз өрісті оймен татымақ", Деп қуана езу тартты атырап, Ал дарындар медресені тауысты Он екіге жасы ілікпей жатып-ақ. Сыбағасын тағдыр дара бөлгендей, Өсе берді төске шауып, төрге өрлей, Екеуіне қараған жұрт сүйсінді, Отырардың болашағын көргендей Отырарда жаны жайқын дария, Ойы безбен бар еді бір қария. Сол қария бір күні екі шәкіртті, Қүрметпенен өз үйіне шақыртты; - Балақайлар, балапандар, көк өрім, Сендерге бір сауал қойсам деп едім, Туған жан деп өнерімен, өртімен Екеуіңді сөз етіп жүр ел түгел. Мен де танып білсем деп ем, Кімсіңдер? Қандай арман жетегінде жүрсіңдер, Қандай бағыт ұстайсыңдар түбінде, Сонша неге құштарсыңдар білімге?
ответ:Побольше объяснений
Объяснение: