Анамыз бізді қалай аялап, бағып қақса, Жер ана да бізді солай бағып жатыр. Ата – бабамыз осы жер үшін сан ғасырлар бойы қан төгіп, басын қатерге тіккен. Сондықтан да, біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет. Барша адамзат өкіліне ауа, су, жер ортақ. Сондықтан жердің қадірін, байлығын бағалай білу, жалпы табиғатты қорғау – бәріміздің міндетіміз. Адамзат Жер ананы өз қолынан жасады. Мысалы: ағаш отырғызып, гүлдер егіп, жалпы айтқанда өсімдіктер отырғызу арқылы, Жер ананың пайда болуына үлкен үлес қосты.
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
буду очень благодарен заранее ке - шешесі қайда жұмыс істеген? Ол қісілер қыз, жаз мезгілдерінде қайда тұрған? Жазда тоғайға не үшін баратын? Олардың үйінде не (мал, құс) бар еді? Апасының қандай қымбат заты болды? Ол апасы үшін не себепті қымбат еді?
Әкесі Ынтымақ колхозының сиыр формасында бастық.Шешесі сиыр сауады
Олар қыста Қаражер дейтін формада тұрады, ал жазда жайлауға шығады.
Қаз-тауық, екі сиыр,ұсақ мал
Апасының қымбат заты келі мен астау
Себебі апасы осы келімен және астаумен балаларды баққан