Менің ортамның құндылықтар әлемі.
Құндылық дегеніміз - байлық. Өмірімізде баға жетпес құндылықтар жетерлік: денсаулық, уақыт, адам бойындағы адамгершілік қасиеттер т.б.
Ал менің ортамның құндылықтар әлеміне келер болсақ, мен үшін адам бойындағы адамгершілік қасиеттер өте маңызды және менің қасымдағы достарымның да менімен көзқарасы бірдей деп ойлаймын, себебі дос адамдар көп нәрсеге бірдей қарап, арман - тілектері де бірдей болады.
Ұлттық тәлім - тәрбиемізде, салт - дәстүрімізде жас ұрпақтың бойына адамгершілік, кішіпейілділік, ізгілік сияқты асыл қасиеттерді сіңіруге аса көңіл береді. Әрбір отбасында ата - әжелеріміз, ата - анамыз бен аға - апаларымыз үлгілі тәрбие беріп, өнеге көрсетіп отырады.
Мен үшін адамгершіліктің маңызды болуы, менің ойымша, адамгершілік - рухани тәрбиенің бастауы. Ұлттық дүниетанымымызда мінез-кұлықтың әр түрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рахымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық және т.б.
Мен және менің ортамдағы адамдар үлкендерге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, әдепті әрі ибалы болуға тырысамыз. Ата - анамызды жерге қаратпай, керісінше бізбен мақтана алатындай болса деп қалаймыз.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Екі тапсырманың бірін орындандар. 1. Өз өңіріндегі кітапханада өткен іс-шаранын бірі жөнінде шағын макала жазу.2. Кітап туралы макал- мəтелдер мен накыл сөздер жазып келіндер. Авторына сілтеме жазындар
ответ: Кітап-алтын сандық! Наданмен дос болғанша,кітаппен дос бол! Кітап алтын қазына! Кітап-көзі жұмыққа арзан,көзі ашқан маржан! Жақсы кітап-жан азығы! Кітап оқығандікі,білім тоқығандікі! Күш білімде, білім-кітапта! Кітап ғылым-тілсіз мұғалім!
Нақыл сөздер: наданмен қас болғанша,кітаппен дос бол.(Бауст) кітап асып таспайтын асыл досымыз.(Гюго) жақсы кітап ақылды адамның әңгімесімен бірдей.(Толстой) кітап ақылды қуаттандыратын құрал.(Коменский)
Объяснение: