Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Жалқы және жалпы есімдер. Ережені оқыңдар! Жалпы есімдер деп тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдер аталады.Мысалы: ағаш, ат, ас, арал, арба, бас, бала, ақыл, сана, түсінік, ер, ес, ет, дала, су, отін, көмір, кеңсе сияқты зат есімдердің бәрі де жалпы есім болады.Жалқы есімдер деп белгілі бір ғана затты арнай, даралай атайтын зат есімдерді атаймыз.Мысалы:кісі аттары (Асқар, Арлан, Ағыбай т. б.)үй хайуандарына берілген арнаулы аттар (Тайбуырыл, Теңбілкөк, Ақтабан, Таймас т. б.)өндіріс, мекеме, ұйым аттары ("Еңбек", "Қайрат", "Түрксіб" т. б.)газет, журнал, фильм, кітап аттары мен жеке шығармалардың аттары ("Егемен Қазақстан", "Өркен", "Менің атым Қожа", "Қан мен тер" т. б.)географиялық атаулар (Алатау, Қаратау, Іле, Ертіс т. б.)қала, көше, алаң аттары (Теміртау, Абай даңғылы, Республика алаңы т. б.)тағы басқа жалқы атаулар жатады.Тапсырма.Жалпы және Жалқы есімдерге 5 сөзден мысал жазыңдар.
Әлемде сіз бен біз білмейтін қызықтар көп-ақ, алайда, саяхаттар туралы айрықша ақпараттардың орны ерекше. Өйткені, кім болмаса да, сәби шағында ертегі оқып, оған бойлау барасында ел танып, жер көрсем деген ой туып, қияли көңіл жас бала асыл арманын жұдырықтай жүрегінің түбінде сақтап өседі. Ал, есейе келе ересек өмірдің торынан шыға алмай қалып жатады. Сол бала арманды көңіл күйсандығында көмулі қалдырмай, Жер жаһанды аралап, өзін де, өзгені де мойындатқан жандар бар екен. Ендеше, саяхатсүйгіш батырлармен таныс болыңыз