director
?>

Асқар Алтайдын “Прописка” әңгімесіндегі манызды эпизод қандай?

Казахский язык

Ответы

kurlasku

ответ:кітаптын 153 бетиндегі. "Тұрақтатпады ғой дегеннен" бастайсында "болар еді" дегенге дейн

Объяснение:

ooo-helpvet44
АҚ РАУШАН ГҮЛІ-АРМАНЫМ! Кезім жоқ менің сезімім үшін ақталған,
Жырларымменен сезімді саған ақтарғам.
Арманым болған ақ раушан гүлі даламның,
Іздедім сені,іздедім сені бақтардан.

Жетелеп мені биікке қарай тәтті арман,
Қоңыр да дауысың жадымда менің жатталған.
Арманым болған ақ раушан гүлі даламның,
Іздедім сені ататын әрбір ақ таңнан.

Таусылмайды екен арманы сірә,пенденің,
Арманды қуып адасып жүрген пендемін.
Сен сенер болсаң өзіңнен басқа жандарға,
Сырымды ашып сырласуға еш сенбедім.

Қол бұлғап маған бір биік шыңнан,алыстан,
Сен бе едің сонда арман боп маған жабысқан.
Сен бе едің сонда бір тылсым күш боп кеудемнен,
Жыр болып сыртқа шығам деп сірә алысқан.

Жыр болып шықтың кеудемнен, нәзік жүректен,
Сен біле білсең,жүрекке нәзік гүл еккем.
Мәпелеп келем сол гүлді,нәзік сезімді.
Әр көктем сайын бір нәзік сезім үмітпен.

Білмеймін сені,
қай жерде жүрсің,кімдермен?
Білмеймін неге,
қызғанам сені кімдерден?
Үмітті үзбей келетін әрбір күндерден,
Мен жасап алғам сені ақ раушан гүлдерден.  
iuv61

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы,

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!-

деп ақын жырлағандай, желтоқсанның мұзға жаққан алауы,1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік  таңын тудырды. Бұл күнді тарихи бір сәт десек те болады. Қазақстан тарихында бұл күн ешқашан ұмытылмайтын, бақытты бағасымен халқымыздың есінде мәғгілік қалары анық.

Тәуелсіздік - халықтың үні, ұлттың тілімен діні. Тәуелсіздік - халықтың тойы, елдің тойы.

Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. Отанымыз, Қазақстан, туралы айтарымыз да, мақтанарымыз да көп.                            

Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні - ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткен өз мемлекеттілігін құруға деген заңды, бұл даусыз фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс»,- деп атап көрсетуіне үлкен мағына жатыр.

Өз басым мемлекетіміздің тәуелсіздігі – халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз  өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай  жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлу керек.

Тәуелсіздік - ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік - арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.

«Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өмірмен уақытқа кестірген  кезден бастап, осынау жиырма төрт жылдың бедерінде  айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді»-деп, елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай егемен Қазақстанды бүкіл әлем таныды.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Асқар Алтайдын “Прописка” әңгімесіндегі манызды эпизод қандай?
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

aistenok-28
marinanx
jamaltreid
alex13izmailov
navi35374
lzelenyi5
Жуков219
Klicheva_Ermachenkova1536
Natalimis416024
krikatiy
P7Y7V7
natalya2321
lazareva
Valentina
ella440