ответ:
Генетикалық түрлендірілген организмдер (ГМО) - бұл қалыпты адамға зиянды және генетиктермен өңделетіні белгісіз жарма, көкөніс және басқа да тамақ өнімдері. Жалпы халықтың пікірі бойынша, олар адам ағзасындағы қайтымсыз өзгерістерді тудырады, потенциалға жағымсыз әсер етеді және ерте қартаю мен қатерлі ісіктердің пайда болуына себеп болады. Әдетте дәмді, қоректік және зерттеулерге сәйкес, өзгертілмегеннен гөрі пайдалы. Ресми ғылымда ГМО қауіптілігі туралы сенімді мәліметтер жоқ.
Генетикалық түрлендірілген организм (ГМО) - генотип инженерлік әдістердің көмегімен жасанды түрде өзгертілген тірі организм. Мұндай өзгерістер әдетте ғылыми немесе экономикалық мақсаттар үшін жасалады. Генетикалық модификация кездейсоқ, табиғи және жасанды мутагенезге тән организм генотипінің мақсатты өзгеруімен ерекшеленеді.
ГМО - бұл өнімдердің жаңа құрамы адамдарға ешқандай қауіп төндірмейтін тірі организмдер
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Сұлу Көкше өңірінде биік тау бар. Жерден атқан садақтың оғы оның шыңына жетпейді. Содан да бұл тау Оқжетпес атанып кеткен. Бұл шыңға сүйсінбейтін жан жоқ. Жақыннан қарағанда сандықша тастарды қолмен әдейілеп қалағандай көрінеді. Қарағайлар мен шыршалар Оқжетпестің тастарына қадалып өскен. Шың туралы мынадай аңыз бар. Ертеде Бурабай, Көкше жерін мекендеген елде бір бала дүниеге келіпті. Ол елден ерекше ер тұлғалы, зор денелі, батыр болып өседі. Ірі болғаны сонша, өзін көтеруге мал шыдамаған соң пілге мініп жүріпті. Осы кезде қазақ жеріне қызыққан жау аз емес еді. Бала келген жаумен шайқасып, еліне жолатпапты. Бір күні сол бала шайқастан кейін сәл тынығып алмақшы болады. Күміскөлдің мөлдір суына рақаттанып шомылады да, Көкшенің баурайындағы қалың қарағайдың арасына келіп жатады. Орман ішінде жасырынып жүрген жау осы сәтті дереу пайдаланады. Ұйқыдағы батырды қолға түсірмек болады. Қапыда қарусыз қалған батыр жаулармен айқаса кетеді. Батырдың күші азайып, әл-дәрмені таусылады. Сонда батыр жаулардан қорлық көргенше өлгенін артық санап, Құдайдан өзін тасқа айналдыруын тілейді. Жау қолына тастамас үшін пілін де төбесіне көтеріп алады. Сондағы батыр осы Оқжетпес болса керек. 1-тапсырма. Мәтін мазмұнына сай екі сұраққа жауап беріңіз. Сұрақ (во Жауап (ответ) 1. Атқан садақ тау шыңына жетпегендіктен, ол қалай атанған? 2. Батыр (кейіпкер) қандай тілек тілейді? [2б] 2-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдердің қайсысы мәтін тақырыбы бола алады? А) Ел іші - алтын бесік. В) Туған жер - алтын бесік. С) Отан – оттан да ыстық. Д) Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі. 3-тапсырма. Мәтіннен берілген синоним сөздердің мағынасын тауып жазыңыз. а Батыр - б). Жау
Энергия[1] (гр. енергеіа – әсер, әрекет) – материя қозғалысының әртүрлі формасының жалпы өлшеуіші.
Материя қозғалысының әртүрлі формалары бір-біріне айналып (түрленіп) отырады. 19 ғасырдың орта шенінде осы қозғалыстың барлық формалары бір-біріне белгілі бір сандық мөлшерде ғана айтылатындығы анықталды; осы жағдай “энергия” ұғымын енгізуге, яғни қозғалыстың әртүрлі физикалық формаларын бірыңғай өлшеуішпен өлшеуге мүмкіндік берді. “ Энергия” ұғымы сақталу заңына бағынады (қ. Энергияның сақталу заңы, Термодинамика). Энергия туралы түсінік мәңгілік қозғалтқыш жасаудың мүмкін еместігін дәлелдеуге байланысты пайда болды. Жұмыстың қоршаған ортадағы немесе жүйедегі белгілі бір өзгерістің (отынның жануы, судың құлауы, т.б.) нәтижесінде ғана орындалатындығы анықталды; дененің бір күйден басқа бір күйге ауысуы кезіндегі белгілі бір жұмыс істеу қабілеті оның энергиясы деп аталды.
Қозғалыстың әртүрлі формасына сәйкес энергияның да бірнеше түрі бар (мысалы, механикалық энергия, химиялық энергия, электромагниттік энергия, гравитациялық энергия, ядролық энергия, т.б.) Физиканың даму процесінде энергия ұғымы нақтыланып әрі жалпыланып отырды. Энергия туралы ілімнің дамуындағы маңызды бір кезең үздіксіз ортадағы энергия қозғалысы мен “энергия ағыны” туралы ұғымның енгізілуі болды. Энергия ағыны деп энергия тығыздығы мен берілген ортадағы орын ауыстыру жылдамдығының көбейтіндісіне тең векторды айтады.
Кванттық физиканың дамуы энергия ның квантталатындығы жайлы, яғни кейбір жағдайда жүйенің энергиясы тек дискретті (үздікті) мәндерді ғана қабылдайды деген фактіні дәлелдеуге мүмкіндік берді. Мұндай жағдай мысалы, сәуле шығару энергиясына, микробөлшектердің тербеліс және айналу Энергиясына қатысты айтылады. Салыстырмалық теориясында Энергия (Е) мен масса (м) арасындағы байланыстың (Е=мс2, мұндағы с – вакуумдегі жарық жылдамдығы) ашылуы физика үшін зор маңызды болды. Бұл қатыс әмбебап қатыс болып есептеледі. Сондықтан ол тіпті өте кішкентай микробөлшектің өзінде де әрқашан қозғалыстың белгілі бір түрі болатындығын көрсетеді. Мұндай қозғалыстың өлшеуіші мс2 өрнегі болады. Әсіресе бұл қатыстың ядр. энергетиканың дамуына байланысты іс жүзіндегі маңызы арта түсті. Энергия бірліктердің халықаралық жүйесінде (СИ) джоульмен, бірліктердің СГС жүйесінде эргпен өлшенеді. Ал ядролық және атомдық физикада энергияның өлшеу бірлігі ретінде электронвольт алынады.[2]