ПаничерскийЕлена
?>

Тірек сөздерді тауып береңдерші. ​

Казахский язык

Ответы

ekaterinava90

ответ:Көзі ашық, көкірегі ояу

Объяснение:

ledlenta751

1) "Қыз Жібек" жыры - қазақтың ең көне лиро-эпостық жырларының бірі.

2) ХVІ-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ қоғамында жеке бастың, сезімнің бостандығы, махаббат еркіндігі туралы мәселе мұндай деңгейде ашық айтыла бермеген кезі суреттелген.

3) Алғаш рет 1894 ж. бастырылған.

4) Батыс Қазақстан жері.

5) Жырдың негізгі кейіпкерлері:Төлеген,Жібек,Бекежан,Қаршыға, Сансызбай,Базарбай, Сырлыбай т.б.

6) Жыр мазмұнының негізгі арқауы - Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын сүйген ғашықтар,бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры.

7) Ең алғаш Жібек туралы Төлеген өз елінде жүргенде естіп, сұлуды іздеп шығады.Содан соң Жібек жайында Қаршығадан қанығып,оны көруге асығады. Сөйтіп, Қаршығаға ілесіп, көштің соңына түседі. Көш үлкен, аяғынан басына дейін баруға тура келеді. Жол бойы бірінен бірі әдемі он үш қызды көреді.Олардың бәрі Жібек болмай шығады.Кейін Жібекпен алғаш кездескенде оның сұлулығы бейнеледі.

8) Қыз Жібек" жыры екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде Төлегеннің Жібекке үйленуі әңгімеленсе, екінші бөлімде Жібектің Сансызбаймен қосылғаны баяндалады. Екі бөлім - екі оқиғаны жырлайды, бірақ сюжет біреу: жігіттің үйленуі баяндалады.

9) "Қыз Жібек" жырының шығуы сол дәуірдің өзінде-ақ халықтың идеал туралы эстетикалық пайым-түсінігінде белгілі бір дәрежеде өзгеріс болғанын айғақтайды.Төлегеннің де, Жібектің де өзіне лайық жар іздеуі, сүйіспеншілікпен үйленуді көздеуі - сол кезеңдегі жастардың ойында, көкірегінде жүрген арманын, мұңын, тілегін аңғартады. Жырдың ел арасында кең тарағанының бір себебі осында.

10) Базарбай - Төлегеннің әкесі.

11) Төлеген - жырдың бас кейіпкері,Жібектің сүйгені,Базарбайдың баласы.Ол бай болуды, батыр болуды көксемейді.Оның арманы - өзіне лайықты сұлуды сүю, соны өзіне өмірлік жар ету. Ал Сансызбай - Төлегеннің інісі,ісін жалғастырушы.

12) Жібек туралы Төлеген Қаршығадан естиді.

13) Төлеген қасына бірнеше нөкер ертіп,"жылқыдан екі жүз елу жорға алып, бірнеше күн жол жүріп" Жібекті іздеп,қыздың көшіне келеді.

14) Жырда қыздардың келбеті өте шебер суреттелген, оларды көрген Төлеген енді тезірек Жібекті көруге ынтығады. "Қаршығадан озып, Жібектің күймесіне бұрын жетеді. Бірақ Жібек онымен "сөйлесуге намыстанады". Тек Қаршығаның үгітінен кейін ғана Жібек "бетін бір ашып, жарқ етіп көрініп, амандасты да, қайтадан бетін жауып, пәуескенің қақпағын түймелеп, жатып қалды".Осылайша екеуі алғаш кездескен еді.

15) Жібектің ағасы Қаршыға көмектеседі.

16)  Бекежан - романдық эпостағы дәстүрлі кейіпкер, яғни екі ғашықтың ортасында жүрген қастангер.

17)  "Егер Алла бұйырса, мен қаздармен бірге келемін" деп,аман-сау оралатынына уәде береді.

18) Базарбай баласының тілегін қолдамай,оған оң батасын бермейді.

19) Төлегеннің жолын Жібек 8 жыл күтеді.

20) Жібек кейін Сансызбайға тұрмысқа шығады.Жібек марқұм болған жарының өсиеті мен ата салтын орындау үшін ғана тимейді Сансызбайға.Ол өзі ғашық болады, сөйтіп, оның Төлегенге деген іңкәрлігі Сансызбайға ауысады.

Объяснение:

mskatrinmadness

Қазақ халқына кеңінен танымал көркем жырлардың бірі — «Қыз Жібек» жыры. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, дүниеге көзқарасын, ұғымын білдіретін әңгеме.

«Қыз Жібек» жыры, әңгімесі қазақ хылқының сол кездегі көшпелі салтын білдіреді, сондай салт, сондай дәстүр орнаған қоғамда туып-өскен адамның көзқарасы қандай екенін көрсетеді. Ескі көшпелі өмірдің сұлу табысы деп бағалауға сай жырлардың бірі- «Қыз Жібек» екені даусыз.

Жырдың халық арасына кең тараған да, аз тараған да нұсқалары бар. Бірақ барлық нұсқалары мен версияларына ортақ бір сюжеттің бары анық. Жырдың қысқаша әңгімесі мынадай. Ертерек заманда Жағалбайлы деген елдің Базарбай деген байы болады. Оның Төлеген, Сансызбай атты екі ұлы болады. Базарбай асқан байлығымен танымал болса да екі ұлына қыз айттырмайды, есейгенде қылыңдықты өздері табады деп ойлайды. Төлеген ер жетіп, жігіт болған соң маңайдағы елден өзіне лайық қыз іздеуді бастайды.

Ешқандай сұлу ұнамай жүрген кезде, сондай бір алыс елде Қыз Жібек деген сұлу бар екенін естиді. Қыздың салтанаты мен келбетінің асқан сұлу екендігін және ол да өзіне лайық жігіт таппай жүргендігін естіп, жүз жылқы айдап, қыздың елін іздеп кетеді. Арада көп уақыт өтеді, сұлу қызы бар деген елдерге сый-сыйапат жасап, даңқын шығарып жүреді.

Аяғында Қыз Жібектің ағасы, ақылшысы болып жүрген Қаршыға деген адамға кез болады. Қаршыға Төлегенді көшінің соңынан ертіп, қарындасын көрсетпекші болады. Көш бойынан талай сұлуды көреді. Жібек қыздардың ішінде болмайды, ол көштің алдында, ақ күйменің ішінде, ешкімге көрінбей жеке кетіп барады екен. Қуып жеткен Төлегенге Жібек жүзін көрсетеді де, Төлеген – күйеу, Жібек -қалыңдық болып, біраз уақыт бірге болады.

Біраз мезгіл болғанда Төлегеннің ел есіне түсіп, бір барып қайтуым керек дейді. Қиын жол, алыс сапардан қорыққан Жібек, Төлегенді жалғыз шығарып салады.

Еліне аман-есен оралған баласының қайтып кеткенін Базарбай қабыл көрмейді, әкесі оны жібермейтін болады. Баласына «бармайсың!» деп жарлық етуден басқа, ел жұрттың барлығына жол тартпаққа тиым салады. Төлеген жалғыз інісі Сансызбайға қайын жұртының жөн жолын айтып: «Мен кешіксем іздеп тап!» дейді.

Жібектің еліне жақын қалған жерде жігіттің алдын тосқан жай шығады. Жолын тосып өлтірмекші болған жігіттердің бастығы — Бекежан батыр болады. Ол Төлегенді атып жығады.

Бекежан Төлегеннің Көк Жорғасын мініп Қыз Жібектің аулына келеді, Жібек сұмдықтың болғанын біледі, Қыздың ағалары Бекежанды өлтіреді.

Қыз Жібек жары өлген соң, Сансызбайдың келуін күтіп, соған жар болуды армандайды. Елге шабуыл жасаған қалмақ ханы Қореннен қашып құтылып Жағалбайлыға қарай жүріп кетеді. Жырдың негізгі, қысқаша мазмұны осындай. Жырдың халыққа танымал нұсқасы көп. Жырдың орындаушылары көп болғанымен, ерекше көркемі, ең бір толығы- Жүсіпбек Қожа Шайқұлнисламұлының нұсқасы болып есептеледі.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Тірек сөздерді тауып береңдерші. ​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

evoque2014
Tarakanova_pavel
ilds88
Maksimova-Shorokhov303
dimaaristov
bogdanyukn562
manager9
Шеина
badalovao256
pavpe4198
anton-www1
kapral1812
Ivanovna
Irina-Tunyan
oyudina