Отан - елдің анасы
Ер - елдің анасы
Отан қадіріне жетпеген,
өз қадіріне жетпейді.
Отан үшін күрес,
Ерге тиген үлес.
Отан – оттан да ыстық
Отан қуат - отбасы шуақ
Отан отбасынан басталады.
Отанды сүю – отбасынан басталады.
Орағың өткір болса,қарың талмайды,
Отаның берік болса жауың алмайды.
Отансыз адам - ормансыз бұлбұл
Алтын ұяң – отан қымбат.
Ер - елінде,
Гүл жерінде.
Ел іші – алтын бесік
Ауылым - алтын бесігім
Өз елің – алтын бесігің,
Еңбекпен бағыт егіз.
Өзге елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Ел мен жер егіз.
Туған жердей ел болмас,
Туған елдей ел болмас.
Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.
Жат жердің қаршығасынан ,
Өз еліңнің қарғасы артық.
Егілмеген жер жетім,
Елінен айрылған ер жетім.
Ұлтарақтай болсада,
Ата қонысы жер қымбат.
Ат төбеліндей болсада,
Туып өскен ел қымбат.
Ел – елдің бәрі жақсы,
Өз елің бәрінен жақсы.
Бұлбұл гүлзарын сүйеді,
Адал адам отанын сүйеді.
Ит тойған жеріне,
Ер туған жеріне.
Туған жер - тұғырың,
Туған ел - қыдырың.
Туған жердің жуасы да тәтті.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Жаһандық мәселелер Жаһандық мәселелер дегеніміз шешімі өркениеттің ары қарай өмір сүруіне әсер ететін мәлелердің жиынтығы болып табылады. Олар қазіргі заман адамының өмірінің дамуының әркелкілігі мен адамдардың әлеуметтік - экономикалық, саяси - идеологиялық арақатынасында пайда болатын қарама - қайшылықтардың себебінен туындайды. Жаһандық мәселелерді бірнеше топтарға жіктеуге болады. Сұрақ: Сіздің ойыңызша, бұл мәселелерді қандай топтарға жіктеп, топтастыруға болады? Өз болжамыңызды жазыңыз.
Жаһандық мәселелерді бірнеше топтарға жіктеуге болады. Олар: оңтүстік және солтүстік мәселесі, азық-түлік мәселесі және кедейлік мәселесі.
Объяснение: