Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
6-сынып, 4-тоқсан Бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар. Бөлімдері «Абайды оқы, таңырқа!», «Қазақтың ұлттық қолөнері». І. Оқылым. 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз. Біздің еліміздің табағаты өте ерекше. Жыл мезгілінің қай тұсын алсаң да, я қаламыз, я ауылымыз жайнап тұрады. Қазір қыс мезгілін алсақ, терең тыныс алатын таза ауа, ақ көрпесін жамылған жер, екі беттері алмадай боп шана тепкен балалар. Ал, енді көктем мезгіліне сипаттама берсек, жан-жақтың бәрі көгеріп, жер астынан бәйшешегіміз бүршік атып шығады. Жаз нағыз жеміс-жидектің пісіп, балалардың мәз-мейрам болатын уақыты. Күзге тоқталсақ, бұл жыл мезгілі әсіресе ақын аға-апаларымыз тілін түсіне білетін алтын уақыт. Иә, қалай дегенде де менің өлкемнің табиғаты тамаша, кең байтақ! Мен осы елде қазақ болып туылғаныма қуанамын! 2-тапсырма. Мәтіннен қыс мезгілінің сипатын білдіретін 3 тірек сөзді теріп жазыңыз. (Выписать из текста 3 опорных слова описывающих зиму) ( ) Тірек сөздер: 1. 2. 3. 3-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. (ответить на во по тексту) ( ) Сұрақ Жауап Жаз қандай жыл мезгіл? Көктем қалай суреттелген? 4-тапсырма. Берілген тірек сөздермен «Қазақтың зергерлік бұйымдары» деген тақырыпқа 5 жай сөйлем құрастырыңыз. (С данными словами составить 5 предложении на тему «Казахские ювелирные изделия») ( ) Тірек сөздер: қолөнер, бұйымдар, ою-өрнек, шебер, әшекей, сырға, білезік, жүзік. алтын-күміс, асыл тастар, мұражай, халық. По номерам сделайте плез.
2-тапсырма
1.Таза ауа
2.Ақ көрпесін жамылған жер
3.Екі беттері алмадай боп шана тепкен балалар
3-тапсырма
1.Жаз нағыз жеміс-жидектің пісіп,балалардың мәз-мейрам болатын уақыт.
2.Көктем жан жақтың бәрі көгеріп,жер астынан бәйшешегіміз бүршік атып шығатын уақыт деп суреттелген.
4-тапсырма
1.Қолөнер-ежелден келе жатқан кәсіп.
2.Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін қолөнер бұйымдарында жиі қолданған.
3.Ою өрнекпен әшекейленген бұйымда қатырма жапсыру,моншақтармен,түрлі тастармен безендіру жиі кездеседі.
4.Мұражайларда қолөнердің бірнеше туындылары сақталған.
5.Әр халықтың дамуына қолөнер көмектескен.