Әрбір адам үшін дүниедегі ең жақын адам ол - анасы. «Ана» деген сөз үш – ақ әріптен ғана құралса да, бұл сөзде орасан зор құдірет пен үлкен мейірімділік бар. Себебі, анамыз бізге баға жетпес сый - өмір сыйлады. Халқымыз "Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың" деген. Себебі әрбір ана баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, ауырып қалса, уайымдап, кейін ержеткен кезде де әрқашан жанымыздан табылады. Ана деген - бұл өмірде ең жақын сырлас дос. Аналарымыз бізді сәби күнімізден бастап әдепті, мейірімді, ізетті болуға тәрбиелеп, бойымызға тек асыл қасиеттерді дарытуға тырысады. Осы ақ жаулықты аналарымыздың берген ізгі тәрбиесін бойымызға сіңіріп, салиқалы ұрпақ болып өссек, ата – аналарымыздың бізге артқан үкілі үміттерін ақтап, жерге қаратпасақ, нұр үстіне нұр болар еді деп білемін! Біз неше жасқа келсек, анамыздың жүрегі елжіреп, біз оларға әрдайым сәби болып қала береміз. Ал ақ жаулықты аналарымыздың қадірін өзіміз балалы болғанда да түсінеміз. Себебі, әрбір ананың жүрегі баласы десе елжіреп, жаны ашып тұрады. Неше жасқа келсек те, әрқайсымызға ана керек. Сондықтан аналармызды аялап, әрдайым қастарынын табыла білейік. Бұл ретте "Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды"деген өлең сөздері өте дәл тауып айтылған деп ойлаймын.
Карева Даниил1537
13.09.2022
Ана деген құдіретті ат. Анаға ешбір күш, ешбір жан тең келмейді. Дүниедегі бәрінен қымбатты бізді аялап ,өсірген,өмірдегі ең жақын адам – асыл ана.« О, дүние,төсіңді аш,мен келемін,алынбаған ақым бар сенде менің» деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев айтқандай,барлық а ң мына дүниеге келетіні анық. Сол сәтте ерекше мейіріммен жаңа туған сәбиін бауырына басып елжірей қарайтын әрине, ол-жан ана. Ана – теңдесі жоқ құдірет, Төлеген Айбергенов жырлағандай:Анаң саған керек болса,анаңа да сен керек, Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек.Ана керек о, адамдар, ана керек адамға, Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы Даналықтың қажеті жоқ,сыйлау үшін ананы. Иә,« Ана» деген – құдіретті ұғым, құдіретті күші бар сөз. Кім де болса ананың алдында кішірейеді, әулиең де, небір ғаламды аузына қаратқан билеушілер де ұлы ананың алдында бас иген. Ана — адамзатқа нұрлы өмір мен таусылмас бақыт сыйлайтын абзал жан. Асыл да қымбат аналардың орыны әрқашан да бөлек. Бүгінгі жасампаз өміріміздің қай буынынан болса да, әйел-ана, әйел-еңбекқор, ана қайраткер, басшылар да көптеп кездестіруге болады. Ардақты ана,абзал арулар туралы күн сайын қаншама жаңа жырлар, әсем әндер өмірге келуде.Ана туралы толғанбаған ақын-жазушылар жоқ шығар, қайраткер аналар қатарында Төле бидің келіні Данагүлді, Шыңғыстың анасы Айғанымды бүкіл қазақ елі үлгі тұтқан. Сонымен қатар, әдебиетте де ана тақырыбына талай қаламгер ой салған. 7-сыныпта өткен Мұқағали Мақатаевтің «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы «Аналар» бейнесін атсам ,ана тақырыбы ғасырдан-ғасырға сарқылмайтын бұлақ. Кейбір адамдар өз аналарын қарттар үйіне тастап, ана жүрегіне үлкен қайғы әкеледі. Мұндай адамдар ана қадірін, қасиетін білмейтін адамдар. Адамдар қаншама жақсы істер жасап, анасын қаншама құрметтесе де, ана алдында мәңгі қарыздар бола береді. Өмірде кездесіп жататын осындай келеңсіз жағдайлардан аулақ болыңыз, аналарыңның өлшеусіз еңбегін бағалап, мәңгілік қамқор болып, өтіңдер дегім келеді. Ана – әлемдегі асыл жан.
Ана туралы.