Litvin_Ivanov
?>

2.Мәтін мазмұнына сай тақырып қойыңыз.​

Казахский язык

Ответы

Александра-Андрей909
Қауын – ыстыққа төзімді, жарықсүйгіш, шөлге шыдамды, біржылдық өсімдік. Дәрумендер мен қант құрамы бойынша қауын тіпті қарбыздан да асып кетеді. Қауынды да жаңа піскен күйінде жеңсік ас ретінде қолданады. Жемістері қайта өңделген күйде кеңінен қолданылады.   Қауыннан бал, цукаттар, тосап, мармелад дайындайды. Оларды кептіреді және қақтайды. Қақталған қауындарды «қауынқақ» деп атайды, олар ұзақ уақыт бойы сақталады. Дәндерінен жоғары сапалы тағамдық май өндіреді. Қауын халық медицинасында белгілі бір мағынаға ие. Оның құрамында фолий қышқылы болатындықтан, қан аздық ауруларында кеңінен қолданады. Жемістерін туберкулез, бронхит, ревматизм ауруларында қолданады және жүрек-қантамыр ауруларында, бүйрек пен бауырдың дерттерінде қолдану ұсынылады. Ежелден-ақ қауын шырынын  ішек құрттарына қарсы ем ретінде, тамақ аурулары мен созылмалы жөтелге қарсы қолданады.
impuls20125948

Пайымдау әңгіме

Еңбекқор құмырсқа.

Әлем көптеген тіршілік иелеріне толы.Солардың ішінде құмырсқа – әлемдегі ең көп тараған жәндіктің бірі. Қазақ «құмырсқадай қажырлы», «құмырсқадай құжынаған», «құмырсқадай еңбекқор» деген тіркестерді бекер айтпаған.Сіріңке қорабында бір дәнді бірнеше күнге жеткізе алған құмырсқа туралы әңгімені бәрі біледі.Олардың тағы да біз білмейтін қызық қыры көп.

Бір құмырсқа өз жемтігін тапқан соң,басқа құмырсқаға азығын табуға көмектесе алады.Аралар мұндайда билеп жүріп үйретсе,құмырсқалар бір жол бойымен жүріп отырып,азық табуды үйретеді.Олар бір-біріне жалғанып,басқалар өтуі үшін көпір жасай алады.Бір құмырсқа өз салмағынан 10 есе ауыр салмақты көтере алады.Құмырсқалар орта есеппен екі немесе үш айға дейін өмір сүреді. Осы уақыттың ішінде өздеріне тән еңбекқор, белсенділігі және үнемшілдігімен өзге жәндіктерден ерекшеленеді.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

2.Мәтін мазмұнына сай тақырып қойыңыз.​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

gaydukov5706
annarom1306
murin
lazareva
Tadevosyan
alzheleshikov
karinasy4ewa
Kuzina Sergeevna
lenalevmax7937
lechic3
lobutev
ecogoi
iv1as2
ivanjeka87
luxoutlet