1-Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
2-Халықтың қолөнеріне әдет-гұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім өріп, қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адалбақан, асадал, бесік және т. б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасады.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Тыныс белгилери деген такырыпка сызыкша утир, кос нукте кандай жагдайда койылады.ереже жазамыз мысалы аркылы далелдеймиз
Объяснение:
Қазақтың ұлттық қолөнері халқымыздың ата - бабадан ұрпаққа жеткен шеберлігі, ұсталығы, ісмерлігі.
Қазақтың ұлттық қолөнерінің бірнеше түрі бар.
Қазақтың ұлттық қолөнері
♦ Ағаштан жасалатын бұйымдар
♦ Ұлттық киімдер
♦ Ши орау қолөнері
♦ Теріден жасалатын бұйымдар
♦ Сүйек, мүйізден жасалатын заттар
♦ Жүннен жасалатын заттар
♦ Зергерлік бұйымдар
♦ Кесте. Көрмеп тігу қолөнері
♦ Ою - өрнек және олардың түрлері
♦ Өрмек, тоқыма қолөнері
Ағаш бұйымдары
Қазақтың ұлттық қолөнерінде ағаштан көптеген заттар жасалады. Балташылар, ағаш ұсталары, ершілер қайыңды, үйеңкіні, үйшілер, ағаш ойып, шыбық өріп тоқушылар талды пайдаланады. Балташылар үй борайды, еден төсеп, арба, шана, жақтау, қақпа, тіреу сияқты ірі заттарды істейді. Ағаш ұстасы стол, шкаф, сөре, орындық, кебеже, асадал, рамалар жасайды. Ағаш оюшылар оны жонып күйдіреді де бояулап өрнектейді. Шыбық өрушілер, тоқушылар қамыстан, шиден қорап, шыпта, орындық, шарбақ сияқты заттарды өреді. Бұл жұмысқа бұтақсыз, оқырасы жоқ, таза ағаш таңдап алынады.
Киіз үй
Қазақтың байырғы ұлттық баспанасы киіз үй болған, оны кейде қазақ үйі деп атайды. Қазақ үйлерінің үлкен - кішілігін керегелер санына қарай белгілейді. Киіз үйлердің екі, үш қанаттан бастап он екі, он сегіз, отыз қанатқа дейін жететін үлкендері болған. Киіз үйлердің түрлері мен атаулары да көп. Бұрынғы хан - сұлтандар мен атақты байлардың үйлері 8 қанаттан бастап 30 қанатқа дейін баратын. Бұларды ақ орда, алтын орда, алтын үзік деп атаған. Ал орташа шаруа мен кедей шаруаларға тән киіз үйлерді алты қанат ақ үй, боз үй, қоңыр үй, қара үй, жаба салма, көтерме туырлықты, күрке, қамсау (шошала), отау, итарқа, жаппа деп атаған.
Қазақ үйлерінің сүйегі кереге, уық, шаңырақ, маңдайша, таяныш, табалдырық, сықырлауық деп аталатын ағаш құралдардан тұрады.
Жүн және одан жасалатын заттар
Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен роль атқарған және оны ұқсатуды ел бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген. Қазақ халқының шаруашылығында мал жүнінің ең асылы және бұйымдар жасауға ең көп қолданатыны түйе және қой жүндері, ешкі түбіті, оның қылы, содан кейінгісі жылқының жал - құйрығы, түйенің жүні, шудасы.
Зергерлік бұйымдар
Зергерлік – өте ерте заманнан келе жатқан өнер. Алтын - күміс әшекейлі бұйымдарды жасаумен әуестенушілерді зергер деп атау бүкіл Орта Азия халықтарында ерте кезден - ақ қалыптасқан. Қазақ шеберлер зергерлік өнерін біліп бірақ алтын - күмісті өздері қорытып, өндіре алмаған. Сондықтан оларды көрші орыс мемлекеттерінен сатып, айырбасқа алып отырған. Кесек күміс пен алтын оңайлықпен табылмағандықтан ол кездегі қазақ зергерлері көбінесе алтын, күміс ақшаларды қайта балқытып немесе ол күйінде пайдаланған.
Шолпы — әйел әшекейлерінің ішінде сәнді әрі күрделілерінің бірі. Қазақ арасында оның түрлері өте коп. Шолпыны сән - әшекей ретінде, сондай - ақ оның салмағының әсерінен шаш ұзын болып оседі деп таққан. Мұны байлықтың, баршылықтың белгісі деп те санаған. Қазақ салтында шолпыны қыздар мен жас келіншектер тағады, ал егде тартқан әйелдерге ерсі болса керек. Ал білезік - сақиналарды қарт әйелдер де сала береді. Шолпылардың жалпыға бірдей ел арасына көп тараған түрлерінің мынадай аттары бар: қоңыраулы шолпы, қозалы шолпы, қос үзбелі шолпы, көзді шолпы, көп үзбелі шолпы, сағат баулы шолпы, маржанды шолпы, шаш, теңге т. б.
Кесте және көркемдеп тігу
Кесте және көркемдеп тігу ою - өрнекті әшекейлеудің ертеден келе жатқан элементтерінің басты түрі. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу барлық халықтарға да ортақ өнер. Кесте өнері нағыз халықтық, алуан әдісті, таңдауы көп өнер.
Кесте өнерінің қазақ халқына тән байырғы көне түрлері: біз кесте, айқас тігу, айқыш - үйқыш тігу, басып тігу, қайып тігу. Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар.
Ою - өрнек ісі тым ерте заманнан бастап - ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады.
Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортаң атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою - өрнек деп қосарланып айтыла береді.
Қазақ елі тәуелсіздігін алғалы, халқымызның қолөнері қандай жетістіктерге жетіп отырғаны белгілі. Себебі, қазір біз ұмыт бола бастаған қолөнерді қайта жаңғырта бастадық. Қолөнер – халқымыздың қасиеттімен ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан мұрасы.