Біздің отбасымыздағы адамгершілік құндылықтары.
Адамгершілік адам бойындағы асыл қасиет, бұл дегеніміз рухани тәрбиенің бастауы, әдептілік ұғымымен қатар жүретін а ң ең жоғарғы мақсатына бағытталған гуманистік құндылық болып табылады. Адамгершілік басқа сөзбен айтқанда, адамшылдық дегенді білдіреді, яғни бұл қасиет адам бойында ең алдымен отбасында, атап айтқанда ата – ананың үлгісі мен тәлім – тәрбиесінің арқасында қалыптасады.
Халықтық дүниетанымда мінез-кұлықтың әр түрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рахымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық және т.б.
Адамгершілік адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз - өзін сыйламайды.
Біздің отбаымызға келер болсақ, біздің үй "қара шаңырақ" саналатындықтан біз ата-әжемізбен бірге тұрамыз, ал ол кісілер нағыз тәрбие мен өнегенің бастауы, үнемі бізге өмірден көрген-түйгендерін үйретіп, бізді салиқалы ұрпақ етіп тәрбиелеуде үлкен рөл атқаруда. Сол кісілердің ғибратты әңгімелерін тыңдап, үлгі-өнегесін бойымызға сіңіріп, нағыз адамгершілігі мол ұрпақ болып қалыптасатынымызға сенімдімін.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Тірек сөздерді пайдаланып Мәңгілік ел болашағы туралы эссе жаз. Тірек сөздер:Мәңгілік ел, ата-баба арманы, болу, мұратымыз, аға ұрпақ өкілдері, күш, бірлікте, тіл, салт-дәстүр, кейінгі буын, сақтау, болашақта. Өтінем көмектесініздерші
Мәңгілік ел болашағы
Ата-бабамыздың сонау жылдан бері армандағаны еліміздің жерін аман
сақтап қалу. Салт-дәстүрімізді құрметтеп, кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдыру
болған. Қазіргі аға буын өкілдері бар күшімізді біріктіріп, бір-бірімізбен тату
өмір сүрсек қана еліміздің болашағы зор екендігін айтып жүр.
Кейінгі буын жастар да, оқушылар да «Мәңгілік ел» бағдарламасы арқылы
еліміздің тілін, дәстүрімізді сақтап қалуға болатын іс-шараларды өткізіп-ақ
жүр. Болашақта менің елім қазіргі ауырлықты жеңіп шыққан мықты ел
болатынына мен сенімдімін.