Мен ата – анама көмектесемін.
Біздің отбасымызда апалы – сіңлілі үш қызбыз. Ең үлкен әпкеміз қаламыздағы беделді жоғарғы оқу орындарының бірінде білім алады, оқу озаты, бос уақытында кәсіби би үйірмесіне қатысады. Одан кейін – мен, гимназияның жетінші сыныбында оқимын, бос уақытымда домбыра үйірмесіне қатысамын; және үйіміздің кенжесі – сіңіліміз биыл екінші сыныпта оқиды. Үйде ата – анамыз жоқ кездері үлкен әпкеміз бізге бас – көз болып, сабағымыз бен тәртібімізді қадағалап отырады. Анамыз бізді кішкене кезімізден үй шаруасын жасауға, тамақ әзірлеуге үйретіп, қазіргі уақытта бізді алаңсыз өзімізді үйде қалдырып кете береді, себебі біз үй шаруасын барлығымыз бірлесіп жасаймыз: біріміз еден жусақ, екіншіміз шаң сүртіп, енді басқамыз қоқыс шығарамыз. Бұл ретте анамыз үнемі бізге «Істегенің маған жақсы, үйренгенің өзіңе жақсы» деп айтып отырады. Бұл қағида қашан да біздің есімізде.
Ата – анамыз жұмыстан келгенше, қайсымыз ерте келсек, тамақ әзірлей береміз. Демалыс күндері анамызбен бірге дүкенге барып, үйге керекті азық – түлік алғанды ұнатамыз. Осылайша, ата – анамызға көмектесу арқылы біз болашақта өздігімізше өмір сүріп, шешім қабылдауға үйренеміз деп ойлаймын. Қолымыздан келгенше ата – анамызға көмектесейік.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
3-тапсырма. Берілген сөздерді қатыстырып және сан есімдерді қолданып, «Біз - Егеменді еліміздің ертеңіміз» тақырыбына диалог құрастырыңыз. (используя опорные слова составте диалог) Тірек сөздер: көркейту, ізденгіш, зерек, еңбексүйгіш, нығайту, 1993, 2005
- Сәлем.
- Сәлем.
- Сен анау жердегі тактайшадағы жазылып тұрғанды оқыдың ба? «Біз - Егеменді еліміздің ертеңіміз» деп жазылып тұр екен.
- Иә, оқыдым не үшін сұрадың?
- Егеменді еліміздің ертеңі болу үшін не істеу керек деп сұрайын деген едім.
- Біз еліміздің бірлігін нығайтуымыз керек. Және де елімізді көркейтуге ат салысуымыз қажет. Бұл нәрселерді жасау үшін сен еңбексүйгіш, білімді, зерек, ізденгіш болуың керек.
- Түсіндім саған рахмет. Және қай жылдар өте ерекше болды?
- 1993 жылды айтуға болады. 1993 жылы төл теңгенің тұғырға мінген жылы. Және де Қазақстанның тұңғыш конституциясы қабылданған жыл. Енді 2005 жылды айтып берейін. 2005 жылы Қазақстанның экономикалық‑әлеуметтік дамуы қарқынды қалыпқа түсіп, сыртқы сауда байланысы жанданды. Айта берсек көп. Қалғанын кейін асықпай отырып айтып беремін. Мен асығып тұр едім.
- Саған үлкен рахмет. Баратын жеріңнен қалма. Сау бол.
- Сау бол. Келесі кездескенше.