Marina658
?>

1. Екі мәтіннің айырмашылығын көрсетіңіз1-мәтін2-мәтінАйырмашылығыМәтіннің түрімəтіннің стиліМәтіннің тілдікерекшелігікөмек керек​

Казахский язык

Ответы

elenaowchinik4842

қандай мәтін?Мәтінді салсаңыз жақсы болар еді))

olgakozelskaa492

сенімді байлық»

Тіл – бізге өткен дәуірлерден қалған асыл мұра. Ол атамыздың ақылы мен анамыздың ақ сүтінен жаралған. «Қазақтың өз тілі қазақ үшін алтын бесік» деген екен жазушы Шерхан Мұртаза. Есте жоқ ескі дәуірлерден қалған осынау асыл дүниені көздің қарашығындай сақтап, қадірлеп, оның бар маржан, жақұтын шашып алмай кейінгіге жеткізу үшін қаншама тер төгілді десеңші!

Қазақ бар байлығын тілі мен діні­нен, жері мен дәстүрінен тап­қандықтан қадір тұтады, қас­­тер­лейді, үкілеп ұрпағына аманат­тайды, болашағына болжам жасайды. Тіл үшін бар санасын, ғұ­мырын сарп етіп, шыбын жанын шүберекке түйіп, тұтастығын сақтап қалуға тырысып бағады. Тіл тұнығын лайламай, тәттісін зәмзәм суындай тамсана ішіп мейірін қандыруға тырысады. Тіл – қасиетті де, құдіретті. Құді­реттілігі сонда, өз тілімді өзімнің анама балап, бойыма ана сүтімен дарыған асыл да қасиетті рухани байлық, баға жетпес құндылыққа теңеп жататынымыз да содан болар. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі.Ұлан-байтақ жеріміз, тәуелсіз еліміз, ана тіліміз бар. Кешегі күнде тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағ­жан, Мұхтарлар қазақ тілінің тағдыры үшін күресті.

migreen

Стильдік ерекшеліктер -алуан тақырыптағы сөйлеу барысында тілдің стильдік мүмкіндіктерін әр жақты пайдалану. Ең басты ерекшелік тілдің ауызекі сөйлеу және жазу дәстүрлерінен көрінеді. Алғашқы дәстүр күнделікті сөйлеу тілінің стилі негізінде қалыптасады да онда күнкөріс-тіршілік қалпынан туған лексика. атаулар мен сөз қолданыстар молырақ және синтаксистік құрылымы жағынан сез тәртібі біршама еркін жүйеленеді. Осы ауызекі дәстүрге жататын және синтаксистік жүйесінің белгілі бір нормаға сүйенетіндігі нәтижесінде жазу тілінің стиліне суығырақ келеді. Жазу тілі стиліне бейнелі беллетристиканың, яғни көркем әдебиеттің тілі, ресми құжаттар мен ағымдағы іс қағаздарының тілі, хабар-ошар, сәлем хат, жолжазба, күнделік және қойын дәптер хаттамаларына тән эпистолярлық стиль т. б. жатады. Абайдың қаламгерлік қызметінен осы айтылған Стильдік ерекшеліктерді аңғаруға болады. Ол ең әуелі өз халқының ауыз әдебиеті стилімен қара өлең ұйқасына құрылған «бір қақпай» өлеңдер шығарды. Оның «Кім екен деп келіп ем түйе қуған...», «Түңлік байдың қатыны атың игеріп...», «Қара қатын...», «Бөстегім, құтылдың ба Көтібақтан?..», «Әйелің - Медет қызы, аты Өрім...» т. б. шығармалары халық әдебиеті стилін танытады. Оның алғашқы ақындық талпыныстарынан туған мұндай өлеңдері аса көп жиналмаған, хатқа түсіп те үлгермеген. 

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

1. Екі мәтіннің айырмашылығын көрсетіңіз1-мәтін2-мәтінАйырмашылығыМәтіннің түрімəтіннің стиліМәтіннің тілдікерекшелігікөмек керек​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*