Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1. Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстары бар сөзді көрсетіңіз. А) мемлекет В) көзілдірік С) достар 2. Тек жіңішке дауысты дыбыстар қатарын анықтаңыз. А) Ә, ө, і. В) А, ә, е. С) Э, о, ү. 3.Фонетика нені зерттейтінін көрсетіңіз. А) Сөз таптарын. В) Тіл дыбыстарының жүйесін. С) Сөз құрамын. 4. Сөздің басында жазылмайтын әріпті көрсетіңіз. А) ғ В) ң С) ы 5. Дыбыссыз әріптерді көрсетіңіз. А) х, һ В) у, й С) ъ, ь 6. Үнді дауыссыз дыбыстардан құралған сөзді табыңыз. А) Азат. В) Аймақ. С) Айман. 7. Қатаң дауыссызға басталып, қатаңға аяқталған сөздер қатарын көрсетіңіз. А)Асқар, тау, базар В)Алып, доп, кел С)Қас, шаш, құқық 8. Ұяң дауыссыз дыбыстан басталатын сөзді көрсетіңіз. А) бағыт В) қоғам С) шығыс 9. «У» дыбысының дауыссыз дыбысты таңбалап тұрғанын көрсетіңіз. А) бару, келу В) тау, дау, сау С) сулы, сұлу 10. Қатаң дауыссызды көрсетіңіз. А) д В) в С) қ 11. Тек тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз. А) Ең, өте, тым. В) Аш, әл, әк. С) Ал, жай, көр. 12. Тек бітеу буыннан тұратын сөздерді көрсетіңіз. А) Е) тіл, кең, сөз В) қызық, жарық, қалың С) өмір, кітап, ұстаз 13. Буын атауларының қатарын көрсетіңіз. А) Дыбыс, әріп, жуан. В) Ашық, тұйық, бітеу. С) Тұйық, үнді, дыбыс. 14. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз. А) Біраз. В) Табиғат. С) Көжек. Д) Жылқышы. Е) Қонжық. 15. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөзді табыңыз. А) Үйге В) Балалар С) Ағаштікі 16. Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөзді көрсетіңіз. А) Қаламгер, баламен. В) Қаламдар, қыздар. С) Жазушы, суретші. 17.Кім? деген сұрақ қай сөзге қойылатынын табыңыз. А) Үй. В) Алма. С) Бала. 18. Түбір сөзді табыңыз. А) Бұрғы. В) Ойыншық. С) Ауыл. 19. Жер-су аттарына қатысты жалқы есімді табыңыз. А) Ақтөбе. В) Асанқайғы. С) «Ботагөз» 20. Жіктік жалғауының ІІ-жағында тұрған сөзді табыңыз. А) Азаматсың. В) Азаматпен. С) Азаматпыз. 21. Көптік жалғаулы сөзді табыңыз: А) Аспан. В) Ұшақтар. С) Ай. 22. Сан есімді сөз тіркесін табыңыз. А) Күміс қасық. В) Алтын сағат. С) Екі жолдас. 23. Бір айда неше апта барын табыңыз. А) төрт В) алты С) бес 24. Тек тұрлаусыз мүшелерді анықтаңыз. А) Толықтауыш, бастауыш. В) Анықтауыш, толықтауыш. С) Баяндауыш, анықтауыш. 25. Ш. Айманов еңбек еткен саланы көрсетіңіз. А) Кино өнері. В) Кәсіпкер. С) Жазушы.
Сұңқарлар — сұңқартәрізділер отрядының жыртқыш құстар тұқымдасы.
Тұқымдаста 11 тек пен 58 биологиялық түрлер бар. Ең кішкентайы - карликті сұңқар, дене тұрқы 15-19 см.
Антарктидадан басқа жерлерде тундрадан тауға дейін (шөлді аймақтарда да) кең таралған. Қазақстанда 7 (ителгі, бөктергі, тұрымтай, жағалтай, лашын, ақтырнақ, бөктергі, күйкентай) түрі бар.
Жұптасып тірлік етеді. Мекиені үш-төрт жұмыртқа табады. Көп сәттерде тасқа ұялайды. Жұмыртқасын бір ай мөлшері басып, балапан шығарады. Балапаны бір жарым ай мөлшерінде ұшады. Сұңқарлар өз ауын (жемін) күндіз аулайды да ұшқан құстың көбіне қожа. Сұңқар өз жемін көп сәттерде аспанда теуіп түсіреді. Кішігірім құстарды жерге жеткізбей, қайта оралып, іліп әкететін кездері де болады. Көп уақытта жерде отырған құстарды өздері үркітіп барып, теуіп түсіреді. Қоян сияқтыларды қашып бара жатқанда-ақ тебеді. Ақ сұңқарды құсбегілер саятшылық жасайтын аңшы құс ретінде қолда ұстайды. Ақ сұңқар өте сирек кездесетін құс болғандықтан, қорғауға алынып, Қызыл кітапқа енгізілген.