ответ:
менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл. ақын с.торайғыров ана тілімді:
сүйемін туған тілді – анам тілін,
бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
шыр етіп жерге түскен минутымнан,
құлағыма сіңірген таныс үнін, – деп жырға қосқан.
ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. демек әр ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы к.г.паустовскийдің «туған тіліне жаны ашымаған – жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.
ана тілі - ар өлшемі. олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын майлау. ең жақсы – ана тілін құрметтеген . бұл сенің басқа тілді меңгеруіңе бөгет болмайды, қайта сені ілікке, шын патриот болуға жетелейді. ана тілдің терең иірімдеріне бойлай білу – саналы болғысы келетін жас ң бірінші парызы. ол – туған жеріңді, еліңді, сүйікті отаныңды сүйе білу деген сөз. ақиық ақын м.мақатаев «отан» атты өлеңінде:
мен оның түнін сүйем, күнін сүйем
ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
мен оның қасиетті тілін сүйем
мен оның құдіретті үнін сүйем, – деп отанды сүюдің, ана тілін сүюдің құдіретті биік сезім екендігін білдіреді.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Напишите резюме известного предпринимателя на казахском языке
Аты-жөнi: Айбек Нұргүл Хамитқызы
Мекен-жайы: Астана қаласы, Абылай хан даңғылы 25 үй, 33 пәтер
Телефон: 8 (7178) 45-96-73; ұялы телефон: 8 777 123 45 67
Е-mail : [email protected]
Жалпы ақпарат
Жұмыс тәжiрибесi:
“Аймаусым” ЖШС, 2007 – 2008 жыл, Астана қаласы. Бухгалтер
“Қайсар” АҚ, 2008- осы күнге дейін, Астана қаласы. Бас бухгалтер.Бiлiмi:– Орта 1989 – 2000 жж. – №12 орта мектеп
– Жоғары:
2000-2004 жж. – С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ – бухгалтер, бакалавр.
2004-2006 жж. – С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ – экономист, магистр
Тiлдi бiлуi:
Қазақ тілі – ана тілі
Орыс тілі – еркін
Ағылшын тілі – еркін
Компьютердi игеруi:
1 C бухгалтерия, Microsoft Office, Enternet Explorer
Жеке қасиеттері:
ұқыпты, ақкөңіл, ашық, адамдармен тез тіл табыса алады.
Қосымша ақпараттар:
Көлік жүргізуші
Халықаралық бухгалтерлер конгрессінің қатысушысы
Құштарлығы:
Тілдер үйрену
Кітап оқу
саяхат жасау