5 -13 ЖЕЛТОҚСАНДА ОРЫНБОРДА ӨТКЕН ЕКІНШІ СЪЕЗІНДЕ ҚАЗАҚ АВТОНОМИЯСЫ АЛАШОРДА ҮКІМЕТІ – ҰЛТ КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ. «АЛАШ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ БЕКІТІЛДІ. ОЛ НЕГІЗГІ 10 БӨЛІММНЕН ТҰРАДЫ I. Ресей демократиялық федерация болып жариялану туралы; II. Ресей құрамында Қазақ ұлт автономиясын құру; III. Халықтар арасында тең құқықтық орнату; IV. Дін туралы, дінді мемлекеттен ажыратып шығару; V. Елдегі билік және сот туралы; VI. Елді қорғау, әскер және халықтық милиция құру; VII. Халықтың табысына қарай салық салу; VIII. Жұмысшылар туралы; IX. Ғылым және білім туралы; X. Жер мәселесі.Жаңа құрылған үкіметтің құрамына 15 адам кірді, оның төрағасы болып Әлихан Бөкейханов бекітілді. q Азамат соғысы басталғанда Алашорда үкіметі екіге бөлінді: оның Батыс Қазақстандағы бөлігін Халел, Жанша Досмұхамедовтар q Шығыстағы бөлігін Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов т. б. басқарды. q Бірақ Уақытша өкіметтің өмірі де ұзақ болмады. 1917 жылы 25 қазанда Уақытша өкімет құлап, оның орнына большевиктер басқарған Кеңес өкіметі орнады. Бұл жұмысшылар мен шаруалардың билігі орнаған өкіметі еді. Оның мақсаты – пролетариат диктатурасының басшылығымен Ресейде жаңа қоғам – социализмді орнату.Қазан төңкерісі елді экономикалық және саяси дағдарыстан шығуға жол ашты. o В. И. Ленин бастған большевиктер партиясы осы дағдарыстан шығудың сара жолы – Ресейдің империалистік соғысты тоқтатып, бейбіт өмірге көшу деп білді. Сондықтан Ресей ең бірінші болып бірінші дүниежүзілік соғыстан шығады.Қазан төңкерісінен кейін көп уақыт өтпей-ақ елде азамат соғысы мен шетел басқыншылығының жорығы басталды. Себебі төңкерістің жеңісі құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарсылығын тудырды.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Какую тему вы могли бы поставить в текст Әнше кұм ?
Ұлықбек Есдәулетов
Арыстандай айбаттым,
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтым,
Қанша жұлдыз жайнаттың,
Қанша бұлбұл сайраттың,
Қазақстан, ардақтым!
Тұлпарыңның шабысын,
Домбыраңның қағысын,
Күңіренткен тау ішін,
Дарияңның ағысын
«Сүйем!» десем - бәрі шын,
Қазақстан - намысым!
Әрбір тасы - киелім,
Әр уығы - жүйелім,
Ән кернеген жүрегін,
Күй кернеген тиегін,
Сары алтыннан сүйегің,
Қазақстан - жыр елім!
Шаңырағың - шырағым
Топырағың - тұмарым,
Ғаламда жоқ сыңарың,
Ғажайыбым, жұмағым,
Басы таза бұлағым,
Басылмайтын құмарым,
Қазақстан - қыраным!
Айың тусын оңыңнан,
Күнің тусын солыңнан,
Жұлдыз жансын жолыңнан,
Басыңа бақ орнасын,
Қыдыр болсын жолдасың,
Құдай сені қолдасын,
Қазақстан - көз жасым!..