Шығарма
Ежелгі дәуір әдебиеті.
Біз ескі әдебиетімізді сүйеміз,сүюіміз дәлелсіз емес.Құрметтейміз,құрметіміз орынсыз емес.Себебі,әдебиетімізде өзге жұрттың әдебиетінде жоқ нәрселер табылып отыр.
М.Әуезов.
Жоспар.
І Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі.
ІІ Ежелгі дәуір әдебиеті ескерткіштері.
ІІІ Баға жетпес әдеби мұралар.
Әр халықтың әдебиеті оның жекелеген қаламгерлерінің еңбегімен жасалады.Қазақ әдебиеті өз кезегінде осындай биікке,мол мұраға оңай әрі тез жетпеген еді.Біздің әдебиетіміз де халқымызбен бірге қиыншылықтарды,зар замандарды,кедергілерді бастан өткерді.Әдебиетіміз көптеген салалардан тұрады.Сондай саланың бірі – ежелгі дәуір әдебиеті болып табылады.Ежелгі дәуір әдебиеті – әдебиеттің ең бастапқы әрі күрделі тарауларының бірі.
Ежелгі дәуірдегі әдебиетіміз туралы айтқаңда, ең алдымен, екі мәселені есте сақтау керек деп білемін.Ең бірінші,біздің ежелгі дәуір әдебиетіміздің туындылары тек қазақ халқына ғана тиісті емес,олардан басқа түркі тектес халықтардың да әдебиетіне ортақ екендігі.Екіншісі – шығармалардың барлығы дерлік қазақ тілінде емес,ежелгі түркі тілінде жазылғандығы. “Ежелгі әдебиет” деп аталатын VII және XIV ғасырлар аралығын қамтыған әдебиетіміздің ұзақ тарихына қатысты ескерткіштер,шығармалар көп-ақ.Олардың алғашқылары деп түркі ру-тайпаларына ортақ Орхон ескерткіштерін (VII ғ.), “Қорқыт” (VIII ғ.) және “Оғыз-наманы” (IX ғ.) атаймыз. Мұхаммед Хорезми, Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Йасауи, Сүлеймен Бақырғани, Жүсіп Баласағұни тәрізді түркі халықтарының біразына ортақ ойшылдары, ғалымдары,ақындары аталмыш ежелгі дәуір әдебиетінің жандануына айрықша үлес қосты.Ал "Кодекс куманикус", "Махаббатнама", "Жүсіп-Зылиха", "Гүлстан", "Домбауыл", т.б. қиссалар, дастандар, шежірелер, тарихи мұралар қыпшақ тілінде жазылса да,ежелгі дәуір әдебиетінің белгілі бір даму кезеңін бізге көрсетеді.Жалпы ежелгі дәуір әдебиетін үш кезеңге бөліп қарастырамыз:1) VI-IX ғасырларды қамтитын көне түркі әдебиеті ескерткіштері.Оларға:Орхон ескерткіштері, «Оғызнама» дастаны,Қорқыт ата кітабы т.б жатады;2) X-XII ғасырларда жазылған қараханид түріктерінің ескерткіштері.Оған Ж.Баласағұнның «Құтты білік»,М.Қашғаридің «Түркі тілінің сөздігі»,А.Яссауидің «Даналық кітабы» және т.б кіреді;3) XIII-XIV ғасырлар Алтын Орда не Хорзем дәуірі мұралары.Бұл кезеңге Хорезмидің («Мұхаббат неме»,Н.Рабғузидің «Қисса сул Әнбия»,Дүрбектің «Жүсіп пен Зылиха» сынды туындылары жатады.
Қорыта айтқанда,бұл мұралар оқырмандарды Отанын сүюге,елін қорғай білуге,адамгершілік құндылықтарын бойға сіңіруге септігін тигізеді.Ежелгі дәуір әдебиеті – мазмұны мен түрі,тілі жағынан ежелгі түркі халықтарына ортақ көркем туындылардың үлгісі болса да,ол қазақ әдебиетінің де асыл қазынасына енетін әдеби мұра.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
«Менің Дағыстаным» шығармасындағы ананың сөзімен келісесіз бе?
Иә,келісемін өйткені адамның ұлты болуы қажет. Ұлты болса ана тіліде болады. Өз тілінде бұлбұлдай сайрағанға не жетсін.
Объяснение: