Тіл – халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, мақтан тұта білуі керек. Өйткені халықтың даналығы, жырлары, шежіресі сол халықтың тілінде жазылады. Тіл – қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл – халықтың жан, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі. Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Менің ана тілім – қасиетті қазақ тілі. Қазақ тілі түркі тілдердің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. "Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқынын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына",-деп Жүсіпбек Аймауытов ағамыз жазғандай, жерін, елін сүйген әрбір азаматтың ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Бала өмірге келгеннен бастап, өз ана тілінде сөйлеп, ана тілінде білім алып, жалпы ұлттық тәрбие алуы керек деп ойлаймын. Себебі өз ана тілінде сөйлеу оған деген көзқарас ең зор адамшылық, мәдениеттілік, тәрбиелілік өлшемі болып табылады. Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, "мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы"деген болатын. Ана тілі – алтын қазына, ана тілін қадірлеу, беделін нығайту біздің парызымыз.
Vyacheslav_Nikolaevna
21.02.2023
Қазақстанның бас қаласы-Астана. Ел мен жер тағдырын елеңдетпейтін кезі жоқ. Ертеңге қалдырар, ұрпаққа табыстар мирас-мұрамыз да, байлық базарымыз да - сол елмен жердің тағдыр талайы. Арғы бергі аталарымыздың ту көтеріп, туырлық тігер құттыхана шаңырағының уығын шаншар майлы да жайлы, қой үстіне бозторғай жұмыртқалардай жұмақ мекен таңдауы тегіннен тегін болмаған. Аңыз бен ақиқаттың шындық шырайындай Асан бабамыздың желмаямен жаһанды кезіп, халқына құт мекен болатын жерұйықты іздеуінде жан тебірентерліктей сыр жатыр емес пе? Ұлытаудан басталар ұлы көшіміздің кеңес дәуірі кезінде Астана қазығын бірде Орынбор, бірде Қызылордаға қадап, одан жасыл желекті, түсті кілем Алматыға тұрақтауы Мәскеудің пәрменімен болған еді. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана елорданың қай жерде болуын таңдау мүмкіншілігіне Елбасымыз ие болды. Астанамыздың Қазақстанның орталығында болуы қай жағынан алып қарасаңда дұрыс шешім еді. Себебі, Сарыарқа талайды көрді, талайға төзді. Бағзы бабаларымыздың ақ найзаларын аспанға атқан айбырлы жеңістерінің куәгері болды.
ksyusatom19
21.02.2023
Қазіргі заманда интернет көптеген жұмыстардың атқарылуына септігін тигізеді. Ең алдымен интернет желісі арқылы хат - хабар алысуға болады. Шалғайда жүрсең туыстарыңмен, ата-анаңмен бейнеңді де көріп, сағынышты басамыз. Ал оқуға қажетті ақпарат керек болса да осы интернетті қоса салып, бар мағлұматты алуға болады. Әр түрлі сайттарға кіріп, қажетті мағлұматты жедел түрде аламыз, кітапханада сағаттап оытрудың қажеті жоқ. Егер шет елде оқығың келсе, бірақ ол елде тұруға мүмкіндік болмас, осы интернет арқылы қашықтықтан оқуға болады. Интернеттегі әр түрлі әлуметтік сайттар арқылы достарыңмен хат-хабар алысуға болады. Әлеуметтік желі арқылы өміріңде болып жатқан қуанышты жағдайларды да осы интернет арқылы бөлісесің. Кей жағдайда шет елдің оқушыларыменде танысып, көптеген досарды табуға болады. Егер теледидардан бағдарлама немесе ұнататын фильмдеріңді көре алмай қалса, осы интернет арқылы көруге болады. Егер сіз шет елге сапар шегуіңіз керек болып тұрса, ал ол жайлы ешқандай мағлұматыңыз болмаса, интернетке кіріп, сол ел жайлы барлығын білуге болады. Соңғы болып жатқан жаңалықтарды да осы интернет арқылы жедел білуге болады. Интернет - сөз жоқ өмір сүруімізді жеңілдетіп, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.
Ответить на вопрос
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Ана тілі – ұлттың болашағы» тақырыбында эссе жазыңыз.