Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата - бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай - ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан. Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Сондай - ақ Президентіміздің қолдауымен 2003 жыл – денсаулық жылы болып жарияланған. Расында да, бүгінгі таңда еліміздің ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде.
Осындай игі істер Қылмыстық - атқару жүйесі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасында да атқарылып келеді. Басқарма бастығы әділет полковнигі Т. Б. Ахметовтің ұйымдастыруымен Басқарма аумағында орналасқан спорттық алаңда Басқарма қызметкерлері арасында «Шынықсаң шымыр боласың», деген қағиданы ұстанып, аптасына екі рет дене шынықтыру сабақтары жүргізіледі. Күнделікті аласапыран жұмыстардан кейінгі бір - екі сағат уақыттың ішінде әріптестерім біраз бой жазып, сергіп қалады. Осы бір тамаша сәттерде балалық шағың да еріксіз еске түсетіндей! Футбол, волейболдан командалар құрылып, қызу ойындар өткізіледі. Сондай - ақ, кермеге тартылу, шахмат, шашка, ұзындыққа секіруден өткізілетін жаттығулар өз алдына бір бөлек.
Ондағы негізгі идея қызметкерлерді салауаттылыққа ынталандыру, дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға үгіттеу. Себебі елді күні ертең ілгері апаратын – сауатты, білімді, дені сау жастар. Біздер осы елдің жас толқындарымыз. Сондықтан біздің мақсатымыз уақытты тиімді пайдаланып, сапалы қызмет етіп, өмірде өз орнымызды адаспай табуға барлық жағынан дайын болуымыз керек. «Оқу - тәрбие процессінің гигиенасы» Мектептегі оқу тәрбие жұмыс тарының басты міндеті – жастардың ой өрісін дамыту, сабақ үлгеріміне қажетті жағдай тудыру, денсаулығын сақтап, денесін шынықтыру. Ол үшін мектептегі барлық жұмыстар балалардың жасына лайық, организмдерінің ерекшеліктеріне сай жасалады. Оқу - тәрбие жұмыстарының ұзақтығы, ауырлығы оқушылардың жұмыс қабілетіне, жыл маусымдарының организмге әсеріне байланысты жоспарланады. Сондықтан бастауыш сыныптардағы оқу жылы жоғарғы сыныптарға қарағанда қысқа, жазғы демалыстары ұзақ болады. Оқу бағдарламасы балалардың жасына қарай жылдан жылға күрделеніп отырады. Оқу жылы ішінде әрбір тоқсан сайын оқушыларға демалыс беріп тынықтырады. Жазғы демалыстан соң балалар еңбекке біртіндеп үйрене бастайды. Бірінші тоқсанның басында оқушылардың сабаққа зейіні төмен болғандықтан оқу жылының алғашқы апталары өткен тақырыптарды қайталап, бекітуге арналады да, жаңа тақырыптарды өте бастайды. Оқу жылының барысында барлық пәндерден мектеп бағдарламасы біртіндеп қиындап, жыл аяғында балалар шаршаған кезде қайта жеңілденеді.
olgapotapova
07.10.2021
Сәлем - сәлем - қал қалай? -рақмет бәрiсi жақсы, ал сенiде ме? - рақмет менiде ол да бәрi жақсы -менiңнiң хоббию тақырыпқа сөйлесiп алайықшы? -екiбастан бер - хобби сенi неткен? -менiңнiң хоббию велосипед және роликтерде сырғанату -демек спорт өңiн сенiңнiң хоббию ма? -осылай иә тап, менiңнiң ұраным: хобби неткен ал бұл өмiр спорт сенiде? - мен өнерге менiңнiң хоббию туралы өз қолдарымен жабылтуға жақсы көруге жатады - демек сен өнер жағады - хобби туралы сенiмен жағымды диалогке рақмет - сен рақмет сәт -болғанша
Ответить на вопрос
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Бірлік туралы мақал мәтелдер және оларды түсіндіру
Ағайын тату болса — ат көп,
Абысын тату болса — ас көп.
Теңге — тиыннан,
Ынтымақ — ұйымнан.
Екі құзғын таласса,
Бір қарғаға жем болар.
Көнектен шошынған бие оңбас,
Көптен бөлінген үй оңбас.
Бір жеңнен қол шығар,
Бір жағадан бас шығар.
Қырық кісі — бір жақ,
Қыңыр кісі — бір жақ.
Көптеген жау алады,
Көмектескен дау алады.
Күшенген жеңбейді,
Күші көп жеңеді.
Ынтымақ — бұзылмайтын қорған,
Қосылып еккен ағаш — орман.
Біреуің бас, біреуің аяқ бол,
Біреуің құйрық, біреуің қанат бол.
Аздың азаншысы болғанша,
Көптің қазаншысы бол!
Күш — бірлікте.
Саусақ бірікпей —
Ине ілікпейді.
Ауыл болса — қауым бол.
Аз да бітер, көп те бітер,
Татулықққа не жетер?
Біршілік болмай — тіршілік болмайды.
Ұйымдасқан ұтады.
Тоқтығында жараспаған,
Аштығында қараспайды.
Қосылғанғанның — қолы ұзын,
Қос керуеннің — жолы ұзын.
Байлық байлық емес, бірлік — байлық.
Қол жұмылмай — жылынбайды.
Ынтымақ жүрген жерде,
Ырыс бірге жүреді.
Құрама жиып ел өткен,
Құрақ жиып шөп еткен.
Ұйымдасқан ұтады.
Ынтымақтың арты игі.
Ынтымақсыз елді-
Ұрысы билейді.
Ынтымақты елді-
Дұрысы билейді.
Жұрт келгендей жиын болсын,
Жұмылған қолдай ұйым болсын.
Бір кісінікі — мақұл.
Екі кісінікі — ақыл.
Төртеуі түгел төрге шығар.
Тірлік басқа болса да,
Тілек бір.
Бармақ басқа болса да,
Білек бір.
Итпен ит ырылдасса,
Тамағының тоқтығы.
Жігіт пен жігіт қырындасса,
Ынтымақтығының жоқтығы.
Жері азған елде,
Тоқшылық болмайды.
Ері ынтымақты елде
Жоқшылық болмайды.
Біреуге біреу сеп,
Тамға тіреу сеп.
Тату елдің тамағы таусылмайды.
Ұрыстың арты — реніш,
Татулықтың арты — кеніш.
Берекені көктен тілеме,
Бірлігі мол көптен тіле.
Бірлігі бар елдің,
Белін ешкім сындырмас.
Біріккен бітіреді,
Ұйымдасқан ұтады.
Саусақ ашылса қылдырық,
Жұмылса — жұдырық.
Кеңеспен шешкен шешімнің
Кемісі болмас.
Ынтымақ жүрген жерде —
Ырыс жүреді.
Адассаң, көппен адас.
Әрі жат, бері жат,
Таршылықтың белгісі.
Сен же, мен же —
Баршылықтың белгісі.
Жас — жастың тілегі бір,
Ынтымақтың білегі бір.
Тірліктің күші — бірлікте.
Адамның күні адаммен.
Бас жарылса, бөрік ішінде,
Қол сынса, жең ішінде.
Дәулетіне қарай сәулеті.
Бірліксіз істе береке жоқ.
Бірлігі күшті ел азбайды,
пішуі кең көйлек тозбайды.
Алтын алма, алғыс ал,
Алтын деген — жер сыйы.
Алғыс деген — ел сыйы.
Бірлік еткен озар.
Бірлеспеген тозар.
Ынтымақ — ырыс қазығы,
Уәде — жанның азығы.