info8
?>

Стр. 7 задание 8 ничего не понятно .

Казахский язык

Ответы

solonataly5
Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ музыкалық-драма театрыОл Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауымен 2000 жылы құрылған. жас театр ашу осы күні театрда байланысты ұлы жазушы Сәбит Мұқановтың туғанына 100 жыл толуына тұспа-тұс келді аталды - Солтүстік Қазақстан облыстық музыкалық-С.Мұқанов атындағы драма театры. Бұл оның мансап жаңа театр өнімнің С.Мұқанов туралы «Метеор шашады» премьерасы басталды символдық мәні бар. , Еңбек сіңірген Ресей әртісі және Қазақстан Борис Преображенский Қазақстан М. Оспанов Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек, «Тарлан» Платина сыйлығы J. Гаджиев және басқалар жеңімпазын еңбек сіңірген: театр өндірістер салыстырмалы қысқа мерзімде қоса алғанда, көптеген белгілі режиссерлер, актерлер мен қатысты . Театрдың жас болғанына қарамастан, ол қазірдің өзінде театр өнерінің халықаралық және республикалық фестивальдерге қатысу үшін өзінің Kitty көптеген ордендерімен және медальдарымен үлкен табыстарға қол жеткізді. Сәбит Мұқанова атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ музыкалық-драма театры орындау жоғары деңгейін ұстап тұру үшін ғана емес, ұмтылады, сонымен қатар оның алдында жаңа уақыт қойылады шығармашылық проблемаларына іздейді. Жас театр өсіп және жыл сайын дамып келеді, әрбір кезеңі, жаңа жетістіктер, бастамалар, және актерлер дүркін шығармашылық және батыл үшін басы болып табылады
Галстян874
Бала тәрбиесiнде отбасының орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзi баланы өмiрге келтiру ғана емес, оған мәдени - әлеуметтiк ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжiрибесiн бойына сiңiру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етiп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжiрибесi, өмiрдегi беделi, ақыл-кеңестерi, ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы, бiр-бiрiн құрметтеуi – үлкен тәрбие мектебi. Бала дүниеге келген күннен бастап ата-ананың ықпалында болып, өмiрге бағыт берушi тәрбие мектебiнен нәр алады.
"Қатты тәртiп көрсе бала күнiнде,
Өнерiмен қуантады түбiнде.
Бала ненi бiлсе жастан, ұядан–
Өле-өлгенше соны таныр қиядан.
Өнер - бiлiм берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан,
Ата - анадан өсiп ұрпақ тараған,
Жақсы-жаман болса, бала – соларда",1 деп, ХI ғасырда Жүсiп Баласағұн айтқандай, ата-аналар балаларының жеке ерекшелiктерiн жас күннен танып, соған қарай бағыт - бағдар, тәрбие берудiң маңызы ерекше. Ата-ана балаларына жақсы тәрбие беруде қоғам алдында жауапты. Сыйластық, түсiнiстiк, үлкен жауапкершiлiк сезiмдерi бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың балаларының өзара қатынасы мазмұнды, берiлген тәрбие сiңiмдi және негiздi.
Ата-ана бала тәрбиесiне ерекше мән беруi қажет. Ана– бала тәрбиесiндегi ерекше тұлға. Тәрбиенiң негiзi "ананың әлдиiнен" басталады емес пе?!
Абай қазақ әйелiнiң, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, " адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтiнен жаралған" деген ғұламалық ойды тарата келе, ол қасиеттердiң мiндеттi түрде тәрбиеленуi қажеттiгi туралы айтады. Абай жетiншi қара сөзiнде былай дейдi: "Жас бала анадан туғанда екi түрлi мiнезбен туады. Бiреуi iшсем, жесем, ұйықтасам деп туса, бiреуi–бiлсем екен демектiк. Не көрсе соған талпынып, жалтұр-жұлтыр еткен болса, соған қызығып, аузына салып, дәмiн татып, тамағына, бетiне басып қарап, сырнай, керней болса дауысына ұмтылып, онан ер жетiңкiрегенде ит үрсе, мал шуласа да, бiреу күлсе де, бiреу жыласа да тұра жүгiрiп, "ол немене", "ол неге үйтедi", " бұл неге бүйтедi" деп, көзi көрген, құлағы естiгеннiң бәрiн сұрап, тыныштық көрмейдi. Мұның бәрi өмiрге жаңа келген нәрестенiң жан құрамы, "бiлсем екен, көрсем екен, үйренсем екен" дегенi».
Қатыгез, зұлым адамдар да ақ сүт берген Ана алдында бас иген. Осы орайда Домалақ Ананың (Нұриланың) "Диһнат мама" атану тарихы да қызық. Бұлақ басында қара лашықта қалған қарапайым әйел тапқырлық танытып, қарақшылардың терiс қылығына тосқауыл қояды. Бұл эпизодтар бүгiнгi ұрпақты ұлы әжемiздiң адамгершiлiк өнегесiн қастерлеуге, тәлiм алып, оны көкiрегiне орнықтыруға үндейдi. 2 Әсiресе, Домалақ Ананың мейiрiмдiлiкке шақыруы Ана алдында бас игiзедi. Ұлы Жамбыл Домалақ ененiң қадiр-қасиетiн, әулиелiгiн терең түсiнiп, үлкен жүрекпен жырлайды. Өзi де ұлы анасына тағзым ете тiл қатады. Шерхан Мұртазаның сөзiмен айтқанда: «Ұлы анамыздың артында, батыстан шығысқа, шығыстан батысқа созылып жатқан қыруар ұрпақ бар. Олардың iшiнде ержүрек мықтысы да, осалы да жетiп жатыр".3
" ХҮIII ғасырдың аяғында дүниеге келген бала Пушкин де, ХIХ ғасырдың орта шенiнде қазақтың кең сахарасында дүниеге келген Абай да шешесi мен әжесi берген тәрбие уызын емiп өседi. Амал жоқ, 1630 жылдары жазылған словак педагогы Ян Амос Коменскийдiң " Аналар мектебi" еңбегi есiңе түседi де, ана құдыретiне амалсыз бас иесiң"4 деп толғанады " Ерте жастан тәрбиелеу тағылымдары» мақаласының авторы.
Ата-ана тәрбие беруде, ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргiзiлген үлгi-өнегесiнiң мәнi зор. Сөз қадiрiн бiлетiн заманда бiр ауыз сөздiң iшкi мағынасын жете түсiнiп, содан өзiне тәлiм алған бабаларымыздың қасиетiне не жетсiн. Сондай -ақ, атамыз Жүсiп Баласағұн өзiнiң "Құтты бiлiк" еңбегiнде:
Ақ сүтпен бiрге сiңген жақсылық
Айнымайды еш, алғанша ажал қапсырып.
Ет сүйекпен бiрге бiткен қылығың,
өзгермейдi салғанша ажал құрығын.
Мiне, Жүсiп Баласағұн атамыздың "Құтты бiлiк" еңбегiндегi ойлар ана сүтiмен дарыған қасиеттi дәстүрлер халықтың салт-санасынан берiк орын алатындығы айтылған.
Балаға, әсiресе, ана өте жақын келедi. Ал отбасы тәрбиесiнде әкенiң де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана баланың алғашқы ұстазы. Әсiресе, әкенiң рөлi ер баланы тәрбиелеуде басым. Әке ұлына өзiнiң бар өнерiн, естiп-бiлген бiлiмiн түгел үйретуге тырысады. Ал ұл бала өз тарапынан ағаға, әкеге елiктеп, одан үйренген. "Ата көрген оқ жонар" деген осыдан шыққан.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Стр. 7 задание 8 ничего не понятно .
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

kiravalter1998697
Ольга
andy74rus36
Sergei248
katya860531
gdmaslo
denblacky
fouettearoma
festjob
masamosijcuk140244
kabanovae
N-odes-art-school410
Surkova_Pavlovna
basil69
mirsanm26249