?>
3-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіріп айт. Бірге және бөлек жа- тзылған сөздерге көңіл бөл.13Марқаның жағасы ерте кеуіп, ерте көктеді. Жауқазыны қардыжарып шыға беретін тау бөктерінің былтырғыдан қалған күреңсесікүлтеленіп, қаулай тебіндеп келе жатқан көкпен араласып, ала-шабырланып жатыр. Тау ішінде көкжиек жақын болады. Таудатұрғанда аспан да аласа көрінеді. Сол көктемгі көкжиек қоп-қоюжалқынды сағым іркіліп барып, әлгі көк күмбезімен көмкерілген.Жазғытұрымның кірбіңсіз ашық аспаны мөлдіреп, көлде көрінісберіп тұр. Кілкіген жұқалаң мұнар арасынан оқшау көрініп, мұнда-мұндалап аппақ болып жататын Тарбағатай шың-құздарын ұзын-нан-ұзақ созылған жіп-жіңішке ақ бұлт екіге бөліп, аспан тауынаұқсайтын. Енді-енді бүршік атып, көктемнің шуағына алақанынжая бастаған орман соңғы нөсерден жаңа ғана ес жиып бусанады.Көктемгі ауада сарай ашар жағымды саумал иісі бар. Сымпылдайұшып келген бір топ шүрегей Марқакөлдің айдынын төсiмен тіл-гілей қонды да, мамырлап жүзе жөнелдіО. Бөкей)
Ответы
Диалог «Азық – түлік дүкенінде»
– Қайырлы таң!
– Сәлеметсіз бе! Бүгін сүт өнімдері келді ме?
– Ия, қазір ғана келді. Сіз қандай сүт өнімін алайын деп едіңіз?
– Маған бір келі ірімшік, бір литр қолдың қаймағы мен жарты келі май өлшеп беріңізші.
– Жақсы Мінеки. Тағы бір нәрсе берейін бе?
– Құрт қаншадан?
– Құрттың бағасы әр түрлі, бір данасы мөлшеріне қарай 50 теңге мен 100 теңге арасында.
– Маған әрқайсысынан екеуден сала салыңызшы.
– Жақсы. Барлығы 4250 теңге болды.
– Мінеки.
– Сауда жасағаныңызға көп рахмет, келіп тұрыңыз!
– Жақсы. Сау болыңыз!