monolit-kolomna
?>

Мәтін мазмұны бойынша жоспар құр. Жоспар бойынша әр абзацтағы тірек сөздерді топтап жаз. Лексика-грамматикалық омоним болатын сөздерді тап.

Казахский язык

Ответы

tatry2005

Мәтін корсетілмеген Кайта сурак койыныз

BekturMagometovich189

Патша өкіметі Қазақстан жеріндегі отарлау шараларын біртіндеп жүзеге асырды. Оның 1742 жылгы 19 қазандағы жарлығы бойынша Жайық өзені жағасының қамалдар маңында қазақтардың көшіп-қонуына тыйым салынды, сонымен қатар олардың Каспий теңізінің жағалауында көшіп-қонып жүрген жерлері шектелді. XVIII ғасырдын 50-60 жылдары Ертіс, Тобыл, Есіл, Үй өзендері алқаптарындағы Орта жүздің қазақтары да өздерінің мекендеген жерлерінен ығыстырылды.

Объяснение:

Қазақ даласында патша өкіметінің отарлау саясаты үш бағытта: біріншіден, гарнизондар мен күшейтілген бекіністі әскери шептер құрылыстың тездетіп салу және тұрақты казак-орыс (Орынбор, Жайық, Батыс-Сібір, кейін Жетісу) мекендерін құру жолымен, екіншіден, саяси әкімшілік реформалар жасау, сыртқы округтер мен приказдарды одан әрі құру, басқарудың дистанциялық жұмыс түрін енгізу жолымен, үшіншіден, қазақ даласын өзіне біржолата қосу, ал Орта Азия хандықтармен сауда-саттықты кеңейту жолымен жүргізілді. Алайда, отарлау барысында патша үкіметіне жергілікті барлық билікті ресейлік әкімшіліктің қолына шоғырландыру саясатын жүзеге асыру сұлтандардың, ру шонжарларының, билердің наразылығын тудырды. Өйткені оларды патша өкіметі орындары сот-әкімшілік қызметіне қатыстырмауға тырысты.

дұрыс шығар

pavlova7771960

Шіркін өмір! Неткен ғажап едің?! Өмір ол- достық, өмір-қастық, өмір- қуаныш, өмір- өкініш, өмір ол- сен, өмір ол- ата-анаң, өмір- достарың, өмір- аң-құстар. Бір сөзбен сені қоршаған орта. Осы бір өмірді сезінуге, танып білуге мүмкіндік берген, жарық сәуле сыйлаған ата-анамызға мың да бір алғыс. Шыр етіп дүниеге келген күннен бастап ақ сүт беріп аялаған анамызға алғыс. Әке, ана – сен қиналған сәтте арқа сүйер, қуанған күндеқуанышыға ортақтасатын жандар. Сенің табаныңа қадалған тікен , менің маңдайыма қадалсын дейтін қорғандарың. Қандай ата-ана өз баласына жамандық тілейді?! Балам өссе екен , ішше екен, қатарынан қалмаса екен дейді. Олардың біз үшін істеген жақсылықтары шексіз. Мені қынжылтатын бір дүние бар. Неге осы біз барлығын кеш түсінеді екенбіз?! Қолда бар алтынның қадірі жоқтың керін келтіріп, әбден болары болып ,бояуы сіңген кезде оянатын адамдар да бар . Ата-анасын қара жер құшағына алғаннан кейін басын тауға да ,тасқа да соғып қайғырып, артынан бар күнәсін жуып шайғысы келіп , көзі тірісінде жасамаған дүниелерді жасайды. Ең сорақысы , ұлын ұяға, қызын қияға қондырып енді тек солардың қызығын қызықтап , бақытқа кенелер шақта көздерін жәудіретіп, өздерінің тілімен айтқанда кереметтей «санаторийға» жібереді. Өмір неткен қызық едің! Қарттар үйінде әрбір ата-әжелеріміздің көздері мөлдіреп, жүректері елжіреп тұрады. Сіздің перзентіңіз деп әңгіме қозғай қалсаңыз, лезде езу тартып бірден оларды ақтай жөнеледі. Олардың жұмыс басты екенін , оларға масыл болғылары келметінін алға тартады. Ана жүрегіне не жетсін?! Қазақ даласындай кең... Кезекті зейнетақысын алып , балаларыма деп бөліп беретіні тағы бар. Ал, енді,  перзенттер, сиырға туған күннің бұзауға да туатынын ұмыттыңыздар ма?! Ертеңгі күні бір шаңырақ иесі атанып, асқар тау әке, аяулы ана атанатындарыңызды білесіздер ме? Сіз жасаған қиянат өзіңізге айналып келмесіне кім кепіл? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрдіңіздер ме? Қарты бар үйдің қазынасы бар екенін естен шығармасаңыздар екен. Ата-ана алдындағы парыз дегенді әркім әрқалай түсінері сөзсіз. Жұмақтың кілті ананың табанының астында дейді. Анаңды Меккегежаяу арқалап барсаң да парызыңды өтемейсің. Осы ұлағатты сөздерден кейін-ақ ата-ана алдындағы парыз дегеннің қаншалықты қымбат екенін аңғаруға болады. Ата-ананың батасы дейді. Кез келген істе әке-шешеңнің оң батасын, рұқсатын алмай жасаған ісіңіздің алға баспайтынын сіз де, біз де жақсы білеміз. Қасиетті Құран Кәрімнің өзінде ата-ананың қадірінің қаншалықты биік биік деңгейде екені нақты айтылған. Мынау бір бескүндік жалған дүниеде , бір –бірімізбен  сыйласып, барынша мейірімді, адал болып өтуге тырысайық. Осы күніңе шүкіршілік ете біл. Болмашы бір дүниелер үшін ата-анаңа ренжудің мүлдем қажеті жоқ. Оларсыз күндері өтіп жатқан, әкесінің құшағын, анасының аяулы алақанын сезінуге бұйырмаған жандар да бар қоғамда. Дүние қолдғың кірі. Бүгін бармыз,ертең жоқпыз. Ертеңгі күні бармақ тістеп өкініп жүрмейік. Бұл өмірдегі ең асыл қазынамыз, Алланың бізге берген қымбат сыйын құрметтеп, қадірін түсіне білейік. Ең бастысы ата-ана алдындағы парыз олардың саған берген ризашылығынан басталатынын естен шығармайық . Өмір деген-  алма кезек. Әрбір істеген мейлі жақсылығың, жамандығың болсын алдыңнан шығары хақ. Тәубеге келейік достар. Әкешім-анашым сіздердің өмірімде бар болғандарыңызға, тілеуімді тілеп, бар тәттіні алдыма ұсынып жүргендеріңізге мың да бір алғыс! Сіздерді мәңгі қадірлеп өтемін.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Мәтін мазмұны бойынша жоспар құр. Жоспар бойынша әр абзацтағы тірек сөздерді топтап жаз. Лексика-грамматикалық омоним болатын сөздерді тап.
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Sergeevna803
optikmir
ViktorovnaKraeva634
Анна1417
Tanyamitia
aivanova
departed744
m79857860146895
gassvetlana
Иванов
happygal5224
phmad7
maxchuev
gorbunova188
TatyanaVladimirovich