?>
Қазақ отбасындағы өте ертеден келе жатқан ерекше дәстүрдің бірі — бата беру. Бата- тілі көркем, ізгі тілек түрінде айтылатын қысқа әрі мәні терең сөз. БатаныңТәрбиелік маңызы үлкен. Бата берудің өз жолы, дәстүрі, рәсімдері бар.Дастарқан басында, түрлі жиын-тойда, отбасы мерекелерінде: тұсаукесер, тілашаркезінде жастар қол жайып, үлкендерден бата сұрайды. Батаны кез келген адам бер-мейді. Батаны көпті көрген ақсақалдар мен дана әжелер береді.Батаның түрлері бар. Ас батасы — асты үстелге әкелгенде немесе ас ішіп болғансоң берілетін бата. Ас батасы тамақ ішкен сайын беріледі. Рамазан батасы — үш күнгіораза айтта айтылатын ізгі тілек, жақсы ниет. Жол батасы ұзақ жолға шыққандаберіледі. Жолға шығарда үй иесі көршілерге, туыстарға тамақ беріп, үлкен ақсақалданбата алады. Тілек-бата – үлкендер жастарға риза болғанда, реті келген жерде қолынжайып беретін батаның түрі.Қазақтар сөз өнерін өте жоғары бағалаған. «Бата адамға күш береді, жолын аша-ды, жаман күштерден сақтайды» деп сенген.ЖАЗЫЛЫМ5-тапсырма.Мәтіннің мазмұны бойынша төмендегітақырыптарды ретімен орналастырып, жоспар құр.1. Батаның пайдасы2. Бата берудің тәртібі3. Батаның түрлері4. Үлкендердің батасы
Ответы
1)Бата берудің тәртібі
2)Үлкендердің батасы
3)Батаның түрлері
4)Батаның пайдасы