Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Осы және тағы да, басқа дана сөздер туралы ЭССЕ керек! Ж.Баласағұни «Құтты білікте» əдеп, əдет туралы былай деген: Аз ғана игі іске көп рахмет айт. * Кісі алдындағы асқа қолыңды созба. * Кісі айыбын ашқаннан, жапқан жақсы. * Мінезі жақсы төрге озар. * Жақсы қылық адамға — ас пен киім. * Сəлем берген саулық береді, Сəлем алған қызығын көреді. * Үлкен келсе, асыңды аяма, Ыстық асқа үрлеме. * Құрсақта біткен қылық қара жерге бірге кіреді, Сүтпен біткен ізгі қылық, өлгенше өзгермейді. Қорыта айтқанда, дастанда қазақтың шешендік сөздерімен, бата-тілегімен, мақал-мəтелімен сабақтас тақырып — ойы, жүйесі мен мəнері, өрнегі бірдей шығып жататын нақыл сөздер аз емес. Кемеңгер ақын мəтінге кіргізген нақыл сөздер, мақалдар мен мəтелдер дастанды ерекшелендіре түседі: «Түркілерде бұл жөнінде мақал бар, соны осы жерде келтірудің реті бар», «Түркі тілі дана сөздерді сақтаған, Бабалардың сөздерін тыңдау керек ол үшін. Бабалардың мақалдарын сақтау — сенің борышың», — дейді автор.
1. Америкалық Microzap компаниясы, технология, өнертабыс.
2. С) Келешекте өнертабысқа сұраныс артуы мүмкін.
3. Өнертабыстың адам өміріне пайдасы.
Өнертабыс бүгінгі күні қоғам дамуының қозғаушы күшіне айналып отыр.
Ғылым жетістіктерінің адамзат қоғамының дамуына, қоршаған ортаның өзгерістеріне тигізетін әсерін зерттеуші халықаралық орталықтардың көрсетулерінше, соңғы екі жүз жылдағы экономика өсіміндегі өнертабыстың үлесі 90 пайызды құрайды. Бүгінгі үдемелі жаһандану кезеңінде, әлем күрделі технологиялық серпінді өзгерістердің табалдырығында тұр. Өмірге бұрын-соңды кездеспеген материалдар, тұрмыс бұйымдары, өндіріс құралдары, қалдықсыз, қауіпсіз қуат көздері келе жатыр.
Қазіргі таңда адамдар үш ұйықтаса түсіне кірмеген түрлі өнертабыстар күн сайын ойластырылып, жасалуда. Мысалы, бұрын адамдар көз майын тауысып, қағаз басу үшін қаншама әріп терсе, ендігәрі оның барлығын электронды түрде көшірме жасап немесе сканерлеп алуға болады.
Заман алға жылжыған сайын өнертабыстағы жаңа технология ғасыры жаңарып барады. Өткен ғасырда әйгілі Нобель сыйлығына ие болған ғылыми жаңалықтың тұрмысқа енуіне 30-40 жыл қажет болса, бүгінде бұл уақыт қас пен көздің арасында ғана, ен көп дегені 4 - 5 жылдан аспайды. Тіпті ойламаған нәрселердің өзі өнертабыстың құрамдас бөлігі ретінде кәдеге асып жатыр. Технологиядағы жаңа дәуірде көздің жауын алатын әлі талай өнертабыс түрлері ойластырылатынына сенімдімін.