Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
7 - тапсырма. мәтінге ат қой. мәтін мамазмұнын кластер түрінде жүйелеп жаз былған формада өсіп - енді . Ал бұл планетаға ондай форманың қажеті жоқ . Олар ортақ биогравитациялық заңға бағынған . – Біз осындай алып планетаның тартылыс күшін қалайша жеңдік ? — деп орады Оразов — Мен алдымен планета үстіндегі жәндіктердің азайғанын , олардың қозға лыстарының саябыр тапқанын байқадым . Содан кейін дүңкілдеп соққан жүрек пен дыбысы естілді . Ол — осы планетаның алып жүрегі болуы ғажап емес . Жүрек соққанда жан - жаққа жылы леп тарап , ол бүкіл планетаны ұйқыға бау райды екен . Планета бір космостық тәулікте ұзақ уақыт ұйқыға кететін көрінеді . « Байқоңырдың » биогравитацияны жеңіп шыға алуы да осы ұйқының арқасы . Знипаж мүшелері тым - тырыс қалды это продолжение текста)
Ақшақар.
Жаңа жыл – барша адамдардың тағатсыздана күтетін таңғажайып қызыққа, қуанышқа, сиқырға толы мереке. Кішкене бөбектермен қоса ересек адамдардың да ең сүйікті мерекесі десек те болады. Жаңа жыл жақындаған сайын жан – жақтың бәрі безендіріліп, жаңа жылдық әуендер ойнатылып, құдды барлық әлем ертегі әлеміне айналғандай күй кешеді. Балалар Аяз атаға хат жазып, жыл бойы тәртіптерінің жақсы болғанын айтып, қалған сыйлықтарын күтеді.
Барлығымыз да Жаңа жылды ерекше ықыласпен күтетініміз құпия емес. Жаңа жыл жақсылық пен қуанышқа толы болып, армандарымыз іске асатын мезгіл деп те қабылдаймыз. Жасымыз есейе келе ертегіге сенбесек те, Жаңа жылдан бір ерекше сиқырды күтетініміз тағы бар.
Әсіресе балалар Аяз Ата мен Ақшақарды асыға күтеді. Біреулері Аяз Аятаның сыйлығына, екіншілері Ақшақардың көйлегі мен көз тартар сұлулығына қызығады. Кішкене қыз балалар көбіне ақ көйлек киіп, өздерін Ақшақар елестетеді. Аяз Ата мен Ақшақар балалардың өнерлеріне тәнті болып, әзірлеген сыйлықтарын ұсынады.
Әдетте, Жаңа жыл - отбасымен тойланатын мейрам. Аналарымыз, апаларымыз, жеңгелеріміз алдын ала дайындалып, тәттілерін пісіріп, жаңа жылдық дастарқан әзірлейді. Барлығымыз осы кең дастарқан басында жиналып, әңгімелесіп, қалжыңдасып, бір – бірімзге сыйлықтар сыйлап, естелік суреттерге түсеміз. Жыл сайынғы дәстүр бойынша Елбасымыздың құттықтауын тыңдап, келер жылға зор үмітпен қараймыз. Ал сағат он екіні соғысымен бір – бірімізді құттықтап, есік алдына мерекелік от шашуды тамашалауға шығамыз.