Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мәтінді екі рет оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі Адам белгілі бір қоғамда өмір сүреді, сол қоғамның материалдық және рухани байлығын жасаушысы болып табылады. Сол себепті адамдар үнемі қарым-қатынас жағдайында тіршілік етеді. Адамдар өмір сүруінің тұрмыс-тіршілігін жүзеге асыруының құралы – тіл. Тіл – жеке адамның туындысы емес, қоғамның жемісі, нәтижесі. Сондықтан да тіл – қоғамдық құбылыс. Адамзат қоғамы даму, жетілу үстінде болады. Осы өзгерістердің бәрі тіл арқылы көрінеді, тіл арқылы басқаға жетеді. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Әлемдік тәжирибеде ортақ қатынас құралы қызметін Заңмен қабылдаған мемлекеттік тіл атқарады. Ал мемлекеттік тіл дәрежесіне көп жағдайда негізгі тіл иесі сақтап қалған тілдер ие болады. Соның бірегейі – қазақ халқының тілі, сондықтан Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы. Қазақстанда мемлекеттік тіл өз қызметін толық атқару үшін «Тіл туралы» заңын қабылдау қажет болды. «Қазақ КСР-нің Тіл Туралы» Заңы 1989 жылы қабылданды. Қазақ елінің тәуелсіз мемлекет болуына байланысты 1992 жылы және 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Жаңа Конституциясында қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып бекітілді.1.Мәтіннің не туралы екенін анықтаңыз.A.Тіл туралыB.Ғылымның дамуы туралыC.Тәрбие туралыD. Арман-мақсат туралы 2 . Мәтіннің негізгі идеясын табыңыз.A.22 қыркүйек - ҚР халықтарының тілдері мерекесі. B.Біздің еліміз–көпұлтты мемлекет.C.Біздің планетамызда 5651 тіл бар.D. Мемлекеттік тіл – елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы. 3.Қазақстанда Тіл туралы заң қашан қабылданды?A. 1991 жылыB.1993 жылыC.1989 жылыD.2001 жылы
Объяснение:
1989 жылы тіл туралы заң қабылданды