Жиһанкез тау мен тасты , даланы аралады. Ол көптеген шаһарларда болды. Сонымен бір күні жолы түсіп, Қазақстанға, атап айтқанда Жетісу өңіріне ат басын тірепті. Халық арасында «Жер жәннаты Жетісу» аталып кеткен бұл өңір жиһанкезге бұрын соңды болмаған әсер қалдырыпты. Шынымен де, қаншама ақын жазушылардың туындыларына арқау болған бұл өлкенің табиғатының әсемдігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес - асқар таулар, таудан сылlырап аққан су, айнала жасыл желек, таза ауа... Осының бәріне қызыққан жиһанкез Жетісу өңірінде тұрақтауға шешім қабылдаған екен.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Жырда Төлегенді шатырға іздеп келген кейіпкер кім?
Нағыз дос өзін бірінші орынға қойып, айналасындағыларды өзінің әңгімесін тыңдауға мәжбүрлейді деп ойласаңыз қатты қателесесіз. Ол өзінің жан сырын ақтарып қана қоймай, сізді де ден қойып тыңдайды. Уақытты көңілді өткізіп, қатар отырып түрлі фильмдер қарай аласыздар. Досты тек қайғыда емес, қуанышта да танисыз. Өкінішке орай, көп адам достық атты ұлы сезімді бағалай бермейді. Бірақ… Олар күндердің бір күнінде жанына жақын адам іздеп шарқ ұрады.
Сол сәтте нағыз достықтың қаншалықты құнды екенін түсіне бастайды. Досты лотореядан ұтып алуға немесе жай ғана көшеден тауып алуға болмайды. Әрине, достықтың да сыннан өтер кезі болады. Бір сәтте құрылып, бірден нығая түседі деп ойласаңыз, қатты қателесесіз. Оның үстіне дос бола білу қасиеті барлық адамға бірдей берілмеген. Ол өте нәзік ғылым. Кей өркөкірек, өзімшіл адам өзгелерді сыйламайды. Себебі, олар тек өздерін ойлап, үнемі бірінші орында жүруді ғана ойлайды. Мен үшін достық өте маңызды. Мейрамгүл, Анар есімді құрбыларымды шексіз жақсы көремін. Олар менің өмірімдегі ең қымбат, ең құнды жандар. Мен оларды жоғалтып алғым келмейді.
Достық-ең ұлы сезім.Дос болу да оңай деп айту өте қиын.Достық жүргег жерде ешқашан жамандыққа жол жоқ.