Elenazhukovafashion7
?>

Мәтінді мазмұнда жаңа сөздер мен сөз әдебіне қатысты бірліктерді пайдалан​

Казахский язык

Ответы

gameover98

Ұлттық сөз өнері зергерлеріміздің бірі, қай шығармасы болсын оқырманды бейжай қалдырмайтын қарымды қаламгер Оралхан Бөкейдің соңғы туындысы «Атау кере» романының атының өзі бірден елең еткізеді. Өйткені «атау кере» сөзі ел ішінде адамдардың күнделікті қарым-қатынасында қолданыла бермейтін, сирек жағдайда, шанда бір ашынған ахуалда, болмаса шарасыздықтан айтылатын салмақты, зілді, ауыр ұғым. Шығармашылығында жеңіл мазмұн кездеспейтін Оралханның дәл осы күрделі тақырыпқа барып, әрі оны өзінің дәстүрлі шеберлігіне тән деңгейде ширатып, ширықтыра отырып жазғаны заңдылықтай қабылданады.

«Атау-кере» повесі бүкіл адамзаттық мәселелерді қозғайды. Повесть оқиғасының басында Еріктің реалистік сипаты басым болса, шешімінде мифтік сипаты байқалады. Қаламгер адамдар өмірін аралар дүниесіне ұқсатады. Еріктің көк басты сонаға айналып кетуі және Қатын суының арғы бетіндегі жұмбақ қыз – символ. Ерікті мифтік бейне ретінде қараудың өзі оның құбылуына байланысты. Бір түрден екінші түрге ауыса алатын – тек миф кейіпкерлері. Повесть соңында Еріктің құбылуына мән бере отырып, бұл повесті «Повесть-миф» деп атауға болады. Повестегі Шал образында романтизм сарыны байқалады. Шығармадағы Шал да, Таған да қоғамда бет алған адамның рухани әлсіреуінен шығудың шығар жолын, амалын табуға тырысады. Бірақ табиғат аясында қалудан басқа жолды көре алмайды. Сондай-ақ шығармадағы Тағанның табиғат туралы ойлары былайша беріледі: «... Табиғат жаратқан алқам-салқам болмайды, ол - әмісе әдемі, әмісе сүйкімді, әрі шыншыл, әрі ақылды, сондықтан да адамдар секілді қателеспейді. Табиғат – мәңгілік тірі, өтірік айтпауды, алдап – арбамауды табиғатан үйрену керек, өйткені ОНЫҢ (табиғаттың) жүрегі таза».

Шығармада жеңіліс пен жеңіс, түңілу мен үміт, қиянат пен қайырым, аярлық пен адамдық, марғаулық пен махаббат арасындағы тартысты күрес, өткен тарих пен бүгінгі нақтылықтың ажырамас аясындағы ұлт тағдыры мен келешегі таразыға тартылған романның кесек-кесек идеяларының түйіні кульминациялық сәтіне жетіп, ширақ та шымыр тарқатылады. Шеберлік құдыреті дегеніміздің құпиясы да осы болса керек!

korj8
Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау әдептіліктің бір үлгісі болып табылады. ата-ананы сыйлау, оларды қадірлеу, ізет көрсету ң ең қастерлі қасиеттерінің бірі. кіші үлкенді сыйласа, үлкендер де өз тарапынан оған лайық ықылас білдірген. содан барып үлкен мен кіші арасында жарасымды қарым-қатынас орнаған. ол әдетке айналып әдептілік ережелерін тудырған. үлкендер отырған жерде сөз жарыстырмай, ізет көрсете білу, көңілге қарай сөз айту, қажет кезде өзіңді ұстай білу халық дәстүрінде қалыптасқан қасиеттер. әдептілік бойында бірден қалыптаспайды. ол - біршама жылдардың, қоршаған ортаның, жақсы тәрбиенің жемісі. ата-ана өз үшін тәртіптілік пен сыпайылықтың, жарасымдылықтың, қамқорлықтың үлгісі, отбасындағы тәрбие құдіреті осында. арасындағы қарым-қатынас әдептілікке негізделсе, жан-жағына жылуын шашады, әдепсіз болса қапаландырады. -ең әуелі ілігімен, әдебімен көрікті. әдептілік-өзіңді әр түрлі жағдайда мінез-құлықтың жалпы ережелеріне, эстетикалық, этикалық талаптарға сәйкес ұстай білу. әдепті ыңғайсыздық тудыратын жағдайды болдырмауға тырысады. әдепті болу үшін өзіңді-өзің ойша болса да басқа ң орнына қоя білуің керек. әдепті өзінің басқа жек көретінін немесе өте жақсы көретінін көпшіліктің алдында білдірмейді, бұл басқаларды ыңғайсыз жағдайда қалдырмау үшін қажетті.мәдениеті жоғары болған сайын, оның айналасындағы қарым-қатынасы сыпайы бола түседі.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Мәтінді мазмұнда жаңа сөздер мен сөз әдебіне қатысты бірліктерді пайдалан​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

nadlen76
baulinanatalia7201
Олимов Протопопова
samuilik-v
eeirikh
kotovayaanastasia2069
kmb1960679
Радецкая264
Batishcheva
mantseva
evamining
Anna389
laplena1982750
lepekhov4011
igor-790