Ана тілім бал тілім
Өзің барда шалкыдым
Өз тілімде ән шыркап
Термелетіп балкыдым.
Тілім барда мактанам
Тілім менің аппақ ән
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілім сактаған.
Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,
Туған тілім-анам тілі-өз тілім.
Туған тілім-далам тілі-өз тілім,
Туған тілім-адам тілі-өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
Ана тілім, жүрегісің анамның,
Жүрек ана, мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.
Сенің арқың қанып ішсем тұнықтан,
Сенің арқың дүниеден сыр ұқсам.
Анашымды ұмытқаным емес пе?
Ана тілім егер сені ұмытсам.
Сенің әрбір тынышыңнан күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай тура қараймын,
Ана тілім егер сені білмесем.
Ана тілің - арың бұл
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте...
Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/takpak/1301-til.html#sel=5:1,34:3
© www.ZHARAR.com
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мәтіндегі жуан сөздерді бір бағанға, жіңішке сөздерді бір бағанға, аралас сөздерді үшінші бағанға бөліп жазыңыздар. Ерте заманда Ерназар деген кісі болыпты. Ерназардың өзі бай болыпты. Төрт түлік малы сай болыпты. Қора толған қойлары болыпты. Өріс толған жылқылары болыпты. Ерназардың сегіз ұлы болыпты. Бір жылы үлкен жұт болып, ел малын алысқа, отарға айдап кетіпті. Ерназардың сегіз ұлы да соның ішінде кетіпті. Бір қыстық азығын алып, кемпірі мен Ерназар үйінде қалыпты. Ерназардың сегіз ұлы сол кеткеннен хабарсыз кетеді, айлар өтеді, келмейді. Ерназардың азығы таусылады, ашығады, жейтін тамақ таппайды. Кемпірі екеуінің тұруға әлдері әрең-әрең келеді. Бір күні кешке жақын кемпірі төсегінен тұрып, үйінің түндігін ашады. Тұруға мұршасы келмей жатқан шал шаңыраққа қараса, шаңырақтың күлдіреуішінде керулі тұрған кер биенің төстігі көзіне түседі. Ерназар қуанып, есі шығады.