Есіл өзенінің жағасындағы Қазақстанның астанасы Астана қаласында орналасқан. Металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Монументтегі барлық дүние – төбесіндегі алтын күн, 97 метрлік биіктігі, және аспан әлемінің үш негізін кейіптейтін үш аймаққа бөлінген ішкі архитектурасы белгілі бір символды білдіреді. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа ие болды. Қазақстан астанасында асқақтаған бұл «терек» жаңартулардың сәулеттік символы, тәуелсіз Қазақстан символы ретінде орын алады.
saltikovaPavlenko
31.10.2020
Астанасы қаласында 2001 жылы салынған мәдениет және сәулет туындысы. Бәйтерек Астана қаласының жаңа орталығының орта тұсында орналасқан. Қазақстан астанасының Ақмолаға көшкен жылына байланысты ғимараттың биіктігі 97 метр болып белгіленген. Әсемдеп жасалған темір конструкциялардың жоғары жағында жұмыртқа бейнесіндегі шар орналастырылған. Бұл аңыз бойынша самұрықтың жұмыртқасы іспетті. Жұмыртқа байлықты, дәулетті, тыныштықты білдіреді. Өйткені самұрық құс өз дұшпандарынан сақтанып, жұмыртқасын осындай биік ағаштың басына салады екен. Осы идея Бәйтеректің дүниеге келуіне себеп болған. Қазіргі кезде Бәйтерек Астана қонақтарының міндетті түрде баратын мәдени орнына айналды. Астананың рәміздік бейнесіне айналған Бәйтерек елордада өтетін әртүрлі шаралардың, жиындардың, шығарылатын кітаптардың таңбалық белгісіне айналып отыр. «Бәйтерек» атауымен еліміздің әр түкпіріндегі нысандары аталып жүр.
Ответить на вопрос
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
сделать домашнюю работу по кахахскому языку 4 класс 33 страница 4 а) задание
можно фото?просто у меня нету книги .