ПояӘр нәрсеге мақсат керек. Тамақ пісіреміз – қарнымыз ашпас үшін. Кітап оқимыз – іздегенімізді табу үшін. Ұйықтаймыз – демалу үшін. Ал өмірдегі мақсат ше? Сіздікін қайдам, менікі бұлыңғыр. Мақсатқа деген баспалдақтар бар, бірақ қай есіктен бір шығарары белгісіз. Мақсат деген оқуға түсу, университетті жақсы оқып шығу, жұмыс табу, үй алу, отбасы құру емес екенін түсіндім. Ол – үлкен дүние. Мақсат неғұрлым үлкен болып, оған қол жеткізсеңіз, соғұрлым өзіңізді, өмірді жеңгеніңіз.
Өмір деген ағып жатқан су делік. Ал судың бір тамшысы – сәт. Сол сәттерден өмір құралады. Әр сәттің қадірін білу керек. Өйткені сәтті бағаламасаң, құрдымға кеткенің.
Мейлі сен сабақтан нашар баға алдың немесе оқуға түсе алмай қалдың. Мүмкін сүйікті адамыңнан айрылдың. Бәрібір. Өмір тоқтап қалмайды. Аға береді, жүре береді. Сен сол ағысқа ілесіп кетуің керек. "Жоқ, біттім!" деп налымау қажет.
"Өмір" бағындағы "гүлдердің" ішінен "жағымды иісімізбен", артта қалдыратын еңбегімізбен ерекшеленейік. Арттан сабақ алып, алға үлкен үмітпен қарайық. Сондықтан да бақытты да баянды өмір сүрудің кілті - өзіміз. Біз қалай өмір сүреміз, нендей әрекет жасаймыз соның бәрі біздің өміріміз үшін жасалуы қажет.снення:
Көз майын тауысу – көп оқу арқылы білімге ұмтылу. Синонимі: көзі ашылу.
Ит арқасы қиянда – алыста. Синоним:жер аяғы қиянда, ит өлген жер.
Инемен құдық қазу – ауыр. Синонимі: қабырғасы қайысу.
Жүрегі жарылу – қатты қуану. Синонимі: төбесі көкке жету.
Жерден жеті қоян тапқандай – үлкен қуаныш. Синонимі: екі езуі екі құлағына жету.
Маңдай терін төгу – қажырлы еңбек ету. Синонимі: жердің жарығын бітеу.
Қиындықта шыңдалу – қиындыққа қарсы тұру. Синонимі: ыстық-суықты көру.
Тағылымдамадан өту – тәжірибе жинау. Синонимі жоқ.
Биік дәрежеге жету – биік деңгейге көтерілу. Синонимі: беделі көтерілу.
Менің ойымша, "Ғажайып планета" әңгімесі фантастикалық жанрда жазылған әрі жазушының маңдай терін төгіп жазғаны көрініп тұр. Фантастикалық жанрда шығарма жазу инемен құдық қазғандай десе де болады. Әңгімедегі таныс емес атаулар, құбылыстар сипатын ерекше жеткізе алу деген шеберлігінен автордың көз майын тауысып іздегенін, қиялға ерік бергенін көрдім.
Осыған байланысты мен адамзат қиялында шек жоқ және біз білмейтін ғаламның қаншама сыры бар деген түйін жасағым келіп отыр. Осындай шығармалар арқылы қазақ әдебиеті биік дәрежеге жетеді деген үміттемін.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Үзіндіні оқып, аталған ұғымдардың адам өміріндегі рөлі туралы өз ойларыңды ортаға салыңдар
Тыңдалмаган сөз жетім демекші,айтылған сөзді ұғынып түсіну үшін мұқият тыңдау қажет.Айтылған ой немесе кеңес өміріңе қажетті болуы мүмкін.Егерде саған айтылған сөздерді құлақ салып тыңдамай,бір кедергіге ұшырасаң ол өзіңнің қателігің болады.Екінші су анасы бұлақ,яғни барлығын бастауы болады.Қазақта« бұлақ көрсең көзін аш» деген мақал бекер айтылмаған.Үшінші жол анасы тұяқ.Ұзақ жол жүру үщін аяқ керек.Бұлөмір жолында қанша қиындық көсеңде жүр,берілме деген мағына