Хабарландыру!
Құрметті қала тұрғындары мен қала қонақтары!
Қаламыздағы тарихи - археологиялық музейде маусым айының 10 мен 24 аралығында "Алтын адам" атты көрменің ашылуы болатынын хабарлаймыз!
Бұл көрмеде сіздер Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің кимінің көшірмесі мен обадан табылған "аң стилінде жасалған "барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін әшекейлерді тамашалай аласыздар.
«Аң стилі» – әлемдік өнер атаулының ішіндегі биік белестердің біріне айналған ерекше құбылыс. Біздің бабаларымыз ежелгі металлургия ісін дамыта отырып, технологиялық жетістіктерге қол жеткізді.
Көрменің салтанатты ашылуы 10 маусым күні сағат 10.00.
Келіңіздер, көріңіздер, тарихи жәдігерлермен таныс болыңыздар!
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Продолжить пословицу...туған жер- алтын
Ер — елінде, гүл — жерінде.