Көкшетау– Ақмола облысының әкімшілік орталығы. Көкшетау Қопа көлінің жағасында орналасқан, Көкшетау үстіртін алып жатыр, оны геологтар Көкшетау үйіндісі деп атайды және оның «Қазақ Швейцариясы» деген ақындық аты бар.Көкшетау– таза, әдемі қала. Егер қаланың оңтүстік батыс жағында орналасқан төбеге шықсақ, көз алдымызға керемет бейне көрінеді: батыста көлдің су айдыны мен жағажай алқабы, солтүстік шығыста жазықтық, ал оңтүстікте төбелер бар.Демалыс пен туризмҚаланың оңтүстік шығыс жағында Бурабай көлі бар, оның жағасында келушілерге ыңғайлы көптеген сауықтыру және туристік объектілер бар. Бұл жерде сізге ұлттық тағамның түр түрін және атпен серуендеуді ұсынады. Таудың енсіз жолдарымен Бурабай көлінен Шабақты көліне түсуге болады, бұл жерде турист жабайы табиғат жағдайында ұмытылмас демалыс жасауына болады: шатырда ұйықтау, тау бұлағына жуыну, отта өзіне тамақ әзірлеу.Бүгінгі қалаҚазір қалада 2 мыңнан астам түрлі меншіктегі әртүрлі өнеркәсіп жұмыс жасайды. Олардың кейбіреулері белсенді қызмет атқарады және қала ішінде, сонымен қатар Қазақстанның сыртында үлкен беделге ие. Қалада жекеменшік кафе, дүкен, шаштараз, бөлімшелер жұмыс жасайды. Қазақстанның ірі банкілерінің филиалдары қызмет атқарады.1996 жылдың маусымында үш ЖОО негізінде – педагогикалық, ауыл шаруашылық және политехникалық – ғалым-энциклопедист Ш.Уәлиханов атындағы университет ашылды.Қаланы көгалдандыру қала тұрғындарының қамқорлығында. Келешекте жалпы қолданыстағы жасыл көшеттердің ауданы бір тұрғынға шаққанда 21 шаршы метрге дейін жеткізу жоспарланған (қазіргісі 7,7 шаршы метр). Мамандар жасанды тәлімбақты құру мәселесін қарастыруда.Пайдалы сілтемелер (дерекнама)
jnrhjq3597
13.07.2021
Біздің еліміздің табағаты өте ерекше. Жыл мезгілінің қай тұсын алсаң да, я қаламыз, я ауылымыз жайнап тұрады. Қазір қыс мезгілін алсақ, терең тыныс алатын таза ауа, ақ көрпесін жамылған жер, екі беттері алмадай боп шана тепкен балалар. Ал, енді көктемге мезгіліне сипаттама берсек, жан-жақтың бәрі көгеріп, жер астынан бәйшешегіміз бүршік атып шығады, Жаз нағыз жеміс-жидектің пісіп, балалардың мәз-мейрам болатын уақыты. Күзге тоқталсақ, бұл жыл мезгілі әсіресе ақын аға-апаларымыз тілін түсіне білетін алтын уақыт. Иә, қалай дегенде де менің өлкемнің табиғаты тамаша, кең байтақ! Мен осы елде қазақ болып туылғаныма қуанамын!
Қазақстан көп ұлтты тәуелсіз мемлекет. Жер көлемі 2,7 миллион шаршы шаршы шақырымнан асады. Республика шығысында Алтай тауларынан басталып, батысында Каспий ойпатына, ал Солтүстігінде Батыс Сібірден оңтүстігінде Тянь-Шань (Ереңқабырға) шыңдарына дейін созылып жатыр. Қазақстан жерінің өте үлкендігінен әр аймағының табиғаты бір-біріне ұқсамайды, біркелкі емес. Оңтүстігінде ағаштар гүлдеп, жер көгергенде, солтүстігінде әлі қар жатады. Қазақстанның оңтүстік облыстарында жылуды жақсы көретін күріш, қант қызылшасы, мақта, жеміс түрлері, әртүрлі дәрілік шөптер мен өсімдіктер өседі. Бұл аймақтарда жаңбыр аз жауады, жазы ыстық, әрі құрғақ болады. Бірақ ол аймақтың байлығы-тау өзендерінің мол суы. Республиканың солтүстік аудандарында астық пен көкөністер жақсы өседі. Мұнда жауын-шашын мол, жазы да ыстық емес. Қазақстанда ауыр индустрия мен ауыл шаруашылығы бірдей жақсы дамыған. Республикамыз мәдениеті мен ғылымы қатар өркендеген өркениетті елдердің қатарына қосылуға ұмтылып келеді.
Ответить на вопрос
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Казак тили 34 бет 5 тапсырма 7 сынып тез керек берем