ooost-2022
?>

Бөлшектік сан есімнің ережесін көрсет​

Казахский язык

Ответы

Lenok33lenok89

2019 жылы Қазақстанда өтетін басты оқиға ұлттық халық санағы болмақ. Биыл билік қазақстандықтардың санын жаңа әдіспен есептегелі отыр. Халық санағына Қазақстанның барлық азаматы, соның ішінде кәмелетке толмағандар, елде уақытша тұратындар мен шетелге уақытша кеткендер, шетелдіктер, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар да қатысады. Бұған қоса, үнемі шетелде тұратын қазақстандықтар да есепке алынады. Қазақстанның халықаралық беделінің артуына және оның аймақтағы геосаяси рөлінің күшеюіне қол жеткіздік.Біз өңірлік және жаһандық проблемаларды шешу ісіне зор жауапкершілікпен қарайтын жауапты әрі қалаулы халықаралық серіктес ретінде танылдық.

KovalenkoIL

Досыма хат.

Сәлем, Алина! Қал – жағдайың қалай? Үйіңе аман – есен жеттің бе? Мен қазір саған ауылдан хат жазып отырмын. Екеуміздің халықаралық балалар орталығында танысқаныма өте қуаныштымын, енді осы хатымда мен саған Қазақстанның көрікті жерлері жайлы айтып кеткенді жөн көрдім.

Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекенім бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Мен өз басым Қарағанды облысына қарасты Жаңаарқа ауданында тұрамын. Ұлан байтақ еліміздің ірі қалаларын аралау - менің арманым, себебі Қазақстанда көрікті жерлер жетерлік. Әзірге осы арманымды ата - анамның арқасында ақырындап жүзеге асырып келемін. Жазғы демалыста отбасымызбен демалуға бір қаланы таңдап, сонда жол жүреміз. Әзірше біз киелі Түркістан, жер жәннаты Жетісудың орталығы - Талдықорған, оңтүстік астанамыз Алматы және еліміздің бас қаласы Нұр - сұлтанға сапар шектік. Әр қаланың өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Мысалы, Түркістанда біз киелі жерлерді аралап, аптап ыстықта жер асты құдығының суын ішіп, бұрынғы заманның сәулет өнері туындыларына тамсандық. Ал Жетісу өңірінде таудан сырқырап аққан Қаратал өзенінің бойында серуендеп, таза ауада демалып, табиғаттың сұлулығына тәнті болдық. Оңтүстік астанамыз аталып кеткен Алматыда серуендеп қыдыру мен аты әлемге әйгілі Алматы апортын татып көрудің өзі арман ғой, Алматыны тіпті өлең - жырға қосқан ақын - жазушылар қаншама десеңші... Алматыда серуендейтін жерлер өте көп. Солардың ішінде біз Көктебеге көтеріліп, әсем Алматыны жоғарыдан алақанымыздағыдай көріп таң қалдық. Аты әлемге әйгілі Медеу мұз айдынында коньки тептік, Абай атындағы ұлттық опера және балет теартының кезекті қойылымын тамашалап, Ә.Қастеев атындағы сурет галереясына да барып үлгердік. Еліміздің жүрегі – Нұр – сұлтан қаласының да көрікті жерлері аз емес, жыл сайын олардың қатары толықтырылып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның сәулеттік символына айналған «Бәйтерек» монументі, «Хан-шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы және «Думан» ойын-сауық кешені біздің отбасымыздың сүйікті демалу орындары.

Келешекте Қазақстанның Қостанай, Павлодар, қарт Каспийдің жағасында орналасқан Ақтау, Атырау, сонымен қатар шырайлы Шымкент қалаларын аралағым келеді.

Ал сен бұрын Қазақстанда болдың ба? Болмасаң, мен сені қонаққа шақырамын, жазғы демалыс уақытында келіп, қонақ болып кет. Әуелі елордамыз Астана қаласынан бастайық? Астанаға дейін жетсең, өзім ата – анаммен күтіп аламын. Сен пойызбен немесе ұшақпен келсең болады. Қалғанын уайымдама, біздің үйде жатып демаласың.

Хат жазып, хабарласып тұр.

Сәлеммен, досың Амира.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Бөлшектік сан есімнің ережесін көрсет​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

kabanovae
Shirochkingames
infocenterbla
leobashkurov1089
Liliya1106
Виталий_Ильназ574
Panda062000
Д.О. Игорь
agaltsova86
zsa100
shilinmikhaillg
yanermarina87
edvlwork15
evg-martenyuk
tribunskavictory