Сағаттың шықылдағы емес ермек, Һәмишә өмір өтпек ол білдірмек. Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас, Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек.
Сағаттың өзі ұры шықылдаған, Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған. Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді, кетті, Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман.
Өткен өмір белгісі осы сыбдыр, Көңілді күнде сындыр, әлде тындыр. Ақыл анық байқаған қылығыңды, Қу шыққансып қағасың босқа бұлдыр.
Күн жиылып ай болды, он екі ай жыл, Жыл жиылып, қартайып қылғаны бұл. Сүйенген, сенген дәурен жалған болса, Жалғаны жоқ бір тәңірім, кеңшілік қыл.
Карева Даниил1537
03.05.2021
Жарық дүние — қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымындағы адам ғұмырының әр сәтінің қадір-қасиеті туралы ұғым. Әр халықтың дүние жайындағы философия ойлары оның тыныс-тіршілігімен бірге қалыптаса келіп, сол халықтың мінез-құлқына, көзқарасына, өмір салтына ықпал ететіні табиғи құбылыс. Адамның ғаламмен қарым-қатынасын құрсақта жатқан кезден бастайтын қазақ дүниетанымындағы Жарық дүние ұғымы оның негізгі діліне (менталитетіне) айналған. Жарық дүние ұғымының мәні — адамның бүкіл өмірдің әрбір күнін ерекше қадірлеуі. Адамның көңіл күйіндегі мұндай ерекшелікті күнделікті өмірдегі күйбең тіршілікке үмітсіздікпен емес, әрбір күнге игілік тұрғысынан қарауынан аңғаруға болады. Қазақ халқының дүниетанымындағы Жарық дүние ұғымы, яғни күнделікті өмірдің әр сәтін қастерлеу ерекше өмір философиясын дамытты. Мұның белгісі — қазақ дүниетанымындағы өмірдің мәні мен ғибраттылығы (өмір сапасы) дүние мүлікке, заттай байлыққа тірелмейтіндігі. Бұның тағы бір сыры — адамның өмірі, өмір уақыты ғалам уақытымен де байланысында. Жарық дүниенің әрбір күнін “қайырлы таң” деп қарсы алып, кешкісін батқан күнмен қимай қоштасып отырған халық ғалам уақытымен сырласа білген. Адам мен әлем біртұтастық байланыста болса, сол екі дүниені түсініп білетін білімнің түп тамыры Жарық дүние ұғымы. Табиғатпен мұндай үйлесімге жетуге терең пайымдау, тәжірибе керек екені сөзсіз, ол дәрежеге асқақ көңіл күй мен даналыққа ие халық қана жете алады. [1]
Ответить на вопрос
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Диаграмманы толтыр. Өткен сабақтағы Қадиша мен баланы салыстыр. Олардың әрекетінде қандай ұқсастық бар? 3 класс стр 57 упр 5
Объяснение:
Вот