vlebedeva81
?>

Тілдік бағдар: Тіркескен сөздер – екі немесе көп сөздер тіркесіп келіп бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер. Бұлар мағынасы жағынан біріккен сөздер сияқты бір ұғымды білдіреді, бірақ бөлек жазылады. Тіркескен сөздердің екі түрлі формасы бар: бірі – тұрақты сөз тіркесі, екіншісі – лексикалық сөз тіркесі немесе құрама сөздер деп аталады. 1. Тұрақты сөз тіркесінің құрамына енген сөздердің орындары аса берік. Мұндағы сөздердің орнын ауыстыруға да, өзгертуге де болмайды. Екінші тілге сөзбе-сөз аударылмайды. Мағыналық жағынан бұл тіркес бір бүтін тұлға ретінде жұмсалады және сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқарады. Мысалы: қас пен көздің арасында – лезде, бес саусақтай білу – өте жақсы білу 2. Лексикалық сөз тіркесі (құрама сөздер) – күрделі сөз тіркесінен пайда болады. Бұған күрделі зат есім, күрделі сын есім, күрделі сан есім, күрделі үстеу, күрделі етістіктер жатады.Мысалы: су инженері – зат есім; қара сақалды – сын есім; он жеті – сан есім; жазып отыр – етістік; ән сал, қызмет қыл, рұқсат ет – етістік пен есім тіркестері т.б. 1-тапсырма:Мәтінді мұқият оқы. Тіркескен сөздерді тауып, теріп жаз, түрлеріне қарай ажырат. Бурабай көлі Жер шоқтығы атанған көрікті Көкшетаудың ең бір әсем, жанға шипалы өңірі. Осы төңіректегі атаулар Бурабай көлінің даңқымен көпке танымал болған. Бурабай көлі – емдік қасиетімен әрі әсем табиғатымен ерекшеленеді. Көл – теңіз деңгейінен 320, 6 м биіктікте. Қыратта, тектоникалық ойыста, табиғи тұрғыда пайда болған бұл көлдің ұзындығы 4, 5 км, ені 3, 9 км. Едәуір терең – орташа алғанда 4, 5 метрден, ең тереңі – 7 метрге дейін барады. Суы таза, тұщы, жұмсақ, тұнықтығы сондай – түбі және ондағы жәндіктер анық көрінеді. Ешқайда қосылмайтын тұйық көл болғанымен, ақторта, алабұға, сазан, табан, шортан балықтар өседі. Қарағайлы, қайыңды орман, Көкшенің шоқылары, аңыз болған Жұмбақтас, біріне-бірі жақын жатқан Көкшетаудың сексен көлінің бір үзікті тізбегі – Шортанды, Үлкен шабақты, Кіші шабақты, Қотыркөл, Жөкей, Бурабай болып, тұтастай осы өңірге ерекше сипат береді. Мұнда дүниенің көп еліне аты мәлім Бурабай, Оқжетпес демалыс және сауықтыру орындары бар. Бурабай көлінің, мұндағы демалыс орындарының маңызы бұрынғыдан да арта түскен. Жақсы жол салынып, демалыс үйлері жақсартылып, қызмет көрсету жағдайы жақсартылған. Бурабай көлі – географиялық атау болса, мұндағы сауықтыру орны Бурабай курорты деп аталады. Мекеннің тұрған жері – Ақмола облысына қарасты Шортанды қаласынан 20 шақырымдай қашықтықтағы Бурабай көлінің жағасында. Абылай алаңы, Оқжетпес, Бурабай кенті, Бурабай қорымы деп аталатын тарихи-мәдени орындар бар.

Казахский язык

Ответы

shilinmikhaillg

Жылы жаққа ұшатын құстар

Жылы жаққа ұшатын құстарды "жыл құстары" деп атайды. Наурыз айында ұшып келіп, өніп-өсіп, қараша айында жылы жаққа ұшып кетеді. Енді солардың ішінде кейбіреулеріне тоқтала кетейік:

Аққу - жыл құсы. Қыс жылы кезде аққудың біраз тобы Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында – Ақтау қаласының маңында қыстап шығады.

Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді әрі киелі құс төресі санап, оған ешуақытта оқ атпайды. Аққудың аталығын «сапар», балапанын «көгілдір», мойнын «сұңғақ» деп дәріптейді.

Сүңгуір үйрек – жыл құсы. Ұяларын тайыз суға, бөген не көл жағалауларына салады. Сәуір – мамыр айларында 5 – 14 жұмыртқа салып, оларды мекиені 4 аптадай басады. Балапаны 1,5 – 2 айда қанаттанып, өздігінен ұша алады. Сүңгуір үйрек су өсімдіктері және омыртқасыздармен қоректенеді.

Шағалалар да жыл құстары.Олар жақсы ұшып, жүзеді, бірақ суға сүңги алмайды. Қанаттары ұзын, аяқтары қысқа, аяқ саусақтарының арасы жарғақты. Шоғыр құрып тіршілік ететін түрлері де бар. Ұясын жерге, шың басына, судағы жартасқа шөптен жасайды. Ірі жәндіктермен, моллюскалармен, тышқан тәрізді кемірушілермен, балықтармен қоректенеді.

Fateevsa9
1.Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген.
Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ.
Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды.
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Мұзды бесік таянған, -
да ана, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана. Халықтың халықтығының басты нышаны – туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да ана. Сондықтан әрбір ұлттың рухани өзегі, қан тамыры болып табылатын тілі – Ана тілі деп аталады.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Тілдік бағдар: Тіркескен сөздер – екі немесе көп сөздер тіркесіп келіп бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер. Бұлар мағынасы жағынан біріккен сөздер сияқты бір ұғымды білдіреді, бірақ бөлек жазылады. Тіркескен сөздердің екі түрлі формасы бар: бірі – тұрақты сөз тіркесі, екіншісі – лексикалық сөз тіркесі немесе құрама сөздер деп аталады. 1. Тұрақты сөз тіркесінің құрамына енген сөздердің орындары аса берік. Мұндағы сөздердің орнын ауыстыруға да, өзгертуге де болмайды. Екінші тілге сөзбе-сөз аударылмайды. Мағыналық жағынан бұл тіркес бір бүтін тұлға ретінде жұмсалады және сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқарады. Мысалы: қас пен көздің арасында – лезде, бес саусақтай білу – өте жақсы білу 2. Лексикалық сөз тіркесі (құрама сөздер) – күрделі сөз тіркесінен пайда болады. Бұған күрделі зат есім, күрделі сын есім, күрделі сан есім, күрделі үстеу, күрделі етістіктер жатады.Мысалы: су инженері – зат есім; қара сақалды – сын есім; он жеті – сан есім; жазып отыр – етістік; ән сал, қызмет қыл, рұқсат ет – етістік пен есім тіркестері т.б. 1-тапсырма:Мәтінді мұқият оқы. Тіркескен сөздерді тауып, теріп жаз, түрлеріне қарай ажырат. Бурабай көлі Жер шоқтығы атанған көрікті Көкшетаудың ең бір әсем, жанға шипалы өңірі. Осы төңіректегі атаулар Бурабай көлінің даңқымен көпке танымал болған. Бурабай көлі – емдік қасиетімен әрі әсем табиғатымен ерекшеленеді. Көл – теңіз деңгейінен 320, 6 м биіктікте. Қыратта, тектоникалық ойыста, табиғи тұрғыда пайда болған бұл көлдің ұзындығы 4, 5 км, ені 3, 9 км. Едәуір терең – орташа алғанда 4, 5 метрден, ең тереңі – 7 метрге дейін барады. Суы таза, тұщы, жұмсақ, тұнықтығы сондай – түбі және ондағы жәндіктер анық көрінеді. Ешқайда қосылмайтын тұйық көл болғанымен, ақторта, алабұға, сазан, табан, шортан балықтар өседі. Қарағайлы, қайыңды орман, Көкшенің шоқылары, аңыз болған Жұмбақтас, біріне-бірі жақын жатқан Көкшетаудың сексен көлінің бір үзікті тізбегі – Шортанды, Үлкен шабақты, Кіші шабақты, Қотыркөл, Жөкей, Бурабай болып, тұтастай осы өңірге ерекше сипат береді. Мұнда дүниенің көп еліне аты мәлім Бурабай, Оқжетпес демалыс және сауықтыру орындары бар. Бурабай көлінің, мұндағы демалыс орындарының маңызы бұрынғыдан да арта түскен. Жақсы жол салынып, демалыс үйлері жақсартылып, қызмет көрсету жағдайы жақсартылған. Бурабай көлі – географиялық атау болса, мұндағы сауықтыру орны Бурабай курорты деп аталады. Мекеннің тұрған жері – Ақмола облысына қарасты Шортанды қаласынан 20 шақырымдай қашықтықтағы Бурабай көлінің жағасында. Абылай алаңы, Оқжетпес, Бурабай кенті, Бурабай қорымы деп аталатын тарихи-мәдени орындар бар.
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

ale-protasov
gardenstreet5
Дмитрий74
Палкина-Дроздова
dimalihachew
Aleksei1968
Есартия52
Сергеевна_Юрикович
a60ikurgannikova
natalia-shelkovich
dima0218687
Мария1414
pk199888
Borisovna24
Magnolia200872