Әйел құқығы. Қазақтың байырғы әдет-ғұрыптық заңы бойынша әйел адамның әлеуметтік ортадағы орны мен міндетін білдіретін және мүліктік меншікті иеленудегі үлесін білдіретін құқықтық нормалар жиынтығы. Байырғы заңдар жүйесі бойынша, ер азаматтың бірнеше әйелі болса, ең бірінші әйелі бәйбіше деп аталған. Отағасы оны сыйлауға міндетті, алайда қанша әйелі болса да барлығы бірдей бәйбішеге бағынған. Әйелдердің жасауларының араласып кетуіне жол берілмейді, бұл анасының мүлкі тек балаларына тиесілі болсын деген түсініктен шыкқан. Дәстүрлі ортаның әйел құны мен құқығы жайлы ұстанымдарында отбасы мүшелерін материалдық игілікпен қамтамасыз ету ер адамға жүктелгендіктен, әйел адамға құқықтық, материалдық артық міндеттеме жүктемейді. Этномәдени дәстүрдегі талап пен діни ұстанымдарға байланысты санадағы түсінік бойынша әйелдің міндеті - дүниеге ұрпақ әкелу, ұрпақ тәрбиелеу. Л.Фукстың деректері бойынша, байырғы ортада қазақ әйелдері үй шаруашылығын толық басқарған және төркінінен келген барлық мал-мүлік, тұрмыстық заттарды өз қарауына алып, шаруашылығын көбейтіп, оны күнделікті әлеуметтік қажеттілігіне жаратып отырған.
Ертеде қазақ байлары бірнеше әйел алғанымен, әр әйелдің өзіндік құқығы мен атқаратын міндеті болған. Сондай-ақ, бәйбіше күйеуінің әйелдеріне қалай көңіл бөлетіндігіне байланысты күйеуінің малынан тоқалдарға енші бөліп берген, ал бәйбішеде еншіленген шаруашылық болмайды, себебі оған күйеуінің малын басқаруға, күйеуімен бірдей дәрежеде құқық берілгендіктен, бәйбіше де мал-мүліктің толық иесі болып саналған. Қазақ арасында көп әйел алудың бірнеше жолдары болған. Байырғы ортада байлыққа мастанған байлар төсек жаңғырту мақсатымен әйел үстіне қалыңмалын төлеп қыз айттыру арқылы бірнеше әйел алған. Халықтың ғұрыптық салты бойынша әйел саны шектелмеген, ал шариғат заңы бойынша төрт әйел алуға ғана рұқсат етілген. Орыс зерттеушісі Н.Гродековтың деректері бойынша төрт әйелден артық әйелі бар ерлер соңғы төртеуімен ғана ерлі-зайыптылық ғұрпымен тұруға құқылы болған, ал қалған әйелдері софылық жолға түсіп, шариғат бойынша ерлерімен ажырасқан.
Қазақ отбасында әйел құқығы болмаған деген біржақты пікір тумауы керек. Әйел ақылды болса, бағына орай ері де ақылды, сабырлы болар болса, ол тек еріне ғана емес, онымен бірге бүкіл ауылға да өзінің ықпалын тигізген. Н.Изразқовтің деректері бойынша қазақтардың ғұрыптық дәстүрінде күйеуі қайтыс болып, артында кәмелет жасына толмаған балалары қалса, әйел қайтадан тұрмысқа шықпаған жағдайда күйеуінен қалған барлық мүлікке иелік еткен. Ертеде қазақтардың бірнеше әйелі болғандықтан, мүлікті бөлісу кезінде алдымен бәйбішеден туған балаларына, ал одан кейін ғана тоқалдан туған балаларына үлестері берілген. Сонымен қатар қазақтың әдет-ғұрыптық заңы бойынша бәйбішеден бала болмаған жағдайда мүлік бірден тоқалдан туған балаларына еншіленген. Байырғы ортада ерлі-зайыпты адамдардың ажырасуы некен-саяқ болған, алайда ер азамат белсіз болған жағдайда, оның сыркаты толық нақты дәлелдермен анықталғаннан кейін ғана ажырасуға рұқсат берілген.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
ҚАЗАҚ ТІЛІ - 8 А ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРСАБАҚВИДЕОКОНФЕРЕНЦИЯЧат ашуҰлттық құндылықтар дегеніміз әр ұлттың өзіне тән, түп тамырынан, тарихынан бастау алатын құнды қазық деп түсінуге болады. Ұлттық құндылық жайлы айта беретін болсак шегі жоқ. Қазақ оюлары, қазақ тілі, қазақ халқы, қазақтың құндылықтары, оныі ішінде мысал ретінде айтсақ, өз еліміздің өзіне тән белгісі, нышаны болған –ою өрнектері. Әлем қазақ елін осы оюымен, оюлы домбырасымен және оюлы көк туымен таниды.Салт- дәстүріміз –әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы. Салт- дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлык, өнеге тәжірбиесін құраған. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиеліқ мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы-ұлттық-мәдениетіміздің байлығы.Отан-отбасыдан басталады» демекші, отаншылдық, парасаттылық, рақымшылдық, қанағатшылдық, ата салты, дәстүр, туған жерді сүю, ар-намыс, діл, рух, ана тілді құрметтеу сияқты ұлттық құндылықтарымызды бала кезінен бойға сіңіру аса маңызды істердің бірі. Жас ұрпақты тәрбиелеуде ата-бабаларымыздан келе жатқан ұлттық тәрбие үлгісін ұғындырып, мәдениетті, адамгершілігі мол, шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу- бұл қазіргі таңда өмір талабы және қоғам қажеттілігі болып табылады.Берілген мәтіндегі астарлы ойды түсіне отырып, өз ойыңды жалғастырып жаз. (эмоционалды-экспресивті сөздерді, шылау түрлерін, күрделі сөздерді қолданып жаз)10 сөйлем.
Имя Елдора состоит из 6 букв. Имена из шести букв обычно принадлежат людям, в характере которых преобладают такие качества, как энтузиазм, граничащий с экзальтацией, и склонность к легкому эпатажу. Они уделяют много времени созданию собственного имиджа, используя все доступные средства для того, чтобы подчеркнуть свою оригинальность. Проанализировав значение каждой буквы в имени Елдора можно понять его тайный смысл и скрытое значение.
Е — самовыражение, желание поделиться опытом. Выступает посредником в конфликтах. Они проницательны и понимают мир тайн, но болтливы. Сильная любовь к путешествиям, в жизни такие могут часто менять место жительства, непоседливы.
Л — тонко воспринимают прекрасное. Кроткость характера, умение в нужный момент подобрать каждому ключик. Обладают артистизмом и художественным складом ума. Желание поделиться опытом. Они не тратят свою жизнь бессмысленно, ища свою истинную цель. В худшем случае нарциссизм, недовольство окружающими.
Д — приступая к работе, хорошо продумывают последовательность. Главный ориентир — семья. Они занимаются благотворительностью. Капризные. Есть скрытые экстрасенсорные . «Работа на публику», нежелание внутреннего развития, основной акцент людей с такой буквой в имени, производят кратко положительное впечатление у публики.
О — стремятся к самопознанию, умеют испытывать сильные чувства. Они хотят понять свое истинное предназначение. Желание улучшить мир. Высокая интуиция, грамотно распоряжаются деньгами. Стремление к совершенству. Изменчивое настроение от восторга до уныния.
Р — противостоят внешним воздействиям, уверенные в себе, смелые и увлеченные личностяи. Они на неоправданный риск, авантюрные натуры, склонны к бесспорным суждениям. Умение рисковать ради цели. Желание и потенциал к лидерству.
А — самая сильная и яркая буква кириллицы. Люди с такими буквами в именах всегда стремятся к лидерству. Они часто соревнуются сами с собой. Буква указывает на желание что-то изменить, достичь наивысшего уровня комфорта в физическом проявлении и в духовном.
Объяснение:
надеюсь понятно