үш қыз.
(татар халық ертегісі)
ерте заманда бір әйелдің үш қызы болыпты. қиыншылыққа қарамай, күні-түні еңбектеніп, олрады елден кем қылмапты. үш қыз да бірінен-бірі асқан әдемі, сұлу болыпты. уақыт өтіп, қыздар өсіп, бойжетіп, кезегімен күйеуге шығып, жан-жаққа кетіп, аналары жалғыз қалыпты.
көп жылдар өткен соң аналары қартайып, ауырып жатып қалады. қатты ауырған әйел жақын маңдағы орманда тұратын сары тиінді шақырып, мөтініш жасайды.
- тиін, тиін, маған қыздарымды шақырып берші!
сары тиін қыздарын іздеп кетеді. тиін үлкен қыздың үйіне келіп, терезесін қағып:
- аналарың қатты ауырып жатыр, тез жет! -дейді.
- әттеген-ай! мен барар едім, бірақ мына екі шараны тазалауым керек, -деп алдындағы шараларды көрсетеді.
- анаңнан саған шаралар қымбат болғаны ма? -деп сары тиін ашуланады. олай болса, әрқашанда шараларыңнан айырылмай жүр!
тиін осы сөзді айтқаны сол екен, қос шара қыздың денесіне жабысып, үлкен тасбақаға айналдырып жібереді.
сиқыршы сары тиін әйелдің ортаншы қызына барады.
- аналарың қатты ауырып жатыр, тез жет! -дейді.
- қап! мен қазір-ақ барар едім. бірақ жәрмеңкеге әдемі тоқыма дайындап үлгеруім керек, -деп ортаншы қызы жауап береді.
ашуланған сары тиін.
- саған анаңнан тоқыма қымбат болса, өмір бойы тоқыма тоқы,-деп өрмекшіге айналдырып жібереді.
сиқырлы сары тиін әйелдің үлкен екі қызына көңілі толмай, ренжіп, үшінші кенже қызына келеді.
- анаң қатты ауырып жатыр, тез жет! - деп сары тиіннің айтқаны сол еді, кіші қызы илеп жатқан нанын қоя салып, былғанған қолымен анасына жүгіріп кетеді.
- сенің жүрегің қандай жұмсақ! саған да әрқашан қайырымды болсын! өмірің ұзақ болсын! бақытты бол! жасаған жақсылығың ұмытылмасын! сені әрқашан құрметтеп, жақсы көрсін! -деп сары тиін қызға алғысын білдіреді.
сөйтіп әлгі әйелдің кенже қызы көп уақыт бақытты өмір кешті. сары тиін оны ілігіне, қамқорлығына қарай еңбекқор араға айналдырады. содан бері араның алдыңғы екі аяғы әрқашанда тәтті ға малынып, жүрген жеріне шаттық пен қуаныш сыйлайды екен.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мне нужен небольшой реферат про абая на казахском языке с переводом на . прошу вас можете написать . мало времени . или можете кто нибудь написать правильный перевод вот этого текста абай (ибраһим) құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі семей облысының шыңғыс тауларында қарқаралының аға сұлтаны құнанбайдың төрт әйелінің бірінен туған. орта жүздің арғын тайпасының тобықты руынан шыққан билер әулетінен. әкесі өскенбайұлы құнанбай өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен ң бірі болған. патша өкіметі xix ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. шешесі ұлжан орта жүздің арғын тайпасынан қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «абай» деп жас ибраһимді анасы ұлжан еркелетіп атаған. содан бері бұл есіммен абай тарихқа енді.осындай текті ортадан шыққан құнанбай мен ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. ға сыншы әкесі осы қатты үіт етеді. сондықтан да ол абайды медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде қоңыр көкше дейтін елге болыс болады. билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. орыс әдебиетімен танысуы көп ықпал етеді.