Ұлттық салт – дәстүр туралы диалог
- Мадина, сәлем, сенің қазір қолың бос па?
- Ия, Алина, бос уақытым бар.
- Ендеше саған бір бүйімтайым бар еді.
- Тыңдап тұрмын. Айта бер.
- Маған мектепке қазақ халқының ұлттық салт – дәстүрлері жайлы хабарлама дайымдауым керек. Өзім қазақша сөйлей білгеніммен ұлттық салт - дәстүрден хабарым жоқ. Осы тапсырмаға көмектесе аласың ба?
- Әрине, көмектесейін. Қандай сұрақтарың бар, қоя бер?
- Қазақ халқының ұлттық салт - дәстүрлері жайлы жалпы түсінік беріп жіберсең?
- Әрбір халықтың өзіне тән салт – дәстүрлері, әдет – ғұрыптары, халық ауыз әдебиеті, мәдениеті, тәрбиелік ұстанымдары бар. Міне, осы асыл қазынамыз бізге ұрпақтан ұрпаққа сан ғасырлар бойы аманат ретінде ұласып, ұлттық болмысты жоғалтпай, өзгелерден ерекшелеп тұратын айна секілді. Қазақ халқының екі жүзге жуық салт – дәстүрі, сенім – ырымдары, ұлттық ойындары бар, олардың әрқайсысының тәрбиелік те, танымдық та маңызы зор.
- Қандай керемет жауап! Кейбіреулеріне толығырақ тоқтала кетсең?
- Жақсы. Халық арасында айтыстың алар орны ерекше. Айтыс – қазақ халқының ертеден қалыптасқан жыр жарысының бір түрі. Айтысқа суырып салма ақындар мен көркем сөз шеберлері қатысады. Айтыста ел басқарып отырған басшылардың кемшіліктері, сондай – ақ өмірдегі келеңсіздіктер ашық айтылады. Айта кететін бір жайт, айтыс бүгінгі күнге дейін жетіп, тәрбиелік мәнін жоғалтпаған жыр жарысы. «Атамұра – асыл қазына» демекші, осындай ұлттық дәстүр, ғұрыптарымызды сақтап, қастерлеуіміз қажет.
Ауыз тию – қазақтың ежелден келе жатқан ғұрытарының бірі. Үйге келген кісі асығыс болса да «ең болмаса нан ауыз тиіп кет, тізеңді бүк» деп айтқан. Бұл дегеніміз - қонақжайлылық пен жайсаңдық, өнегелі тәрбие бастауы. Бұрынғы заманнан-ақ қазағымның дастарханы үйге келімді - кетімді кісінің бәріне жайылып, бар тәтті осы кісілерге ұсынылған.
Байғазы – балалар мен жасөспірімдер бір жаңа нәрсеге ие болғанда жақын туыстарынан байғазы сұрайтын дәстүр қалыптасқан. Байғазы сұраушының көңілін қайтармай ақшалай, не заттай сыйлық беріледі. Бұл дәстүр бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келеді.
- Мадина, саған алғысым шексіз! Маған өте қатты көмегің тиді. Енді өзім де біліп жүретін болам!
- Оқасы жоқ. Көмектесе алғаныма қуаныштымын!
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын түсініп, ұсынылған ақпаратты есте сақтау бойынша (сызбаға түсіру, кесте жасау, т.б.) жұмыс жүргізіңдер. Мәтіндегі мәліметтерді кесте түрінде жазып көрсетейік. Өсімдікті емге пайдалану туралы алғашқы мәліметтер ежелгі Ассирияда табылған қыш тақтайшаларға жазылған. Өз дәуірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама берген ежелгі грек дәрігері Гипократ өсімдіктің қай бөлігі болса да пайдалы, оларды ауруды емдеуде кеңінен қолдануға болады десе, Рим дәрігері Гален тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеді. Қазақ елінің тәуелсіздігінен кейін медицина саласындағы ғұлама ғалымдар қатарына ХҮ ғасырдың шипагер-ғалымы Өтебойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1485) есімі де қосылды. Оның «Шипагерлік баянындағы» шипагерлік дәстүр мен үрдіс жаңа белеске көтеріліп, оны зерттеуге кең жол ашылды. Қазақ халқының шипагерлік ілімін ғылыми жолмен дамытқан Ө.Тілеуқабылұлы дала зертханасы арқылы мыңнан астам дәрі-дәрмек түрін 858 түрлі дәрілік өсімдік пен 318 жан-жануар мүшелері және 60-тан астам металл-металлоидтар қо жасаған. Шипагердің науқас адамдарға арнап 1050 түрлі шипа-емді және 4577 дәрі тізбесін ұсынуы ХҮ ғасырда-ақ қазақ жерінде фармакология ілімінің алдыңғы қатарда дамығандығын дәлелдейді. Көшпелі өмір салтын ұстанған қазақ халқы әр өсімдіктің пайдасы мен зияны туралы жақсы білген. Дарқан даламызда жайыла өсетін қарапайым жусанды алайық. Бұл өсімдіктің «дермене жусан» атты түрін ішек құрты ауруын емдеуге, ал қара жусанның тамырын тәбет ашуға, ішек, асқазан, бауыр, өт ауруына пайдаланған. («Қазақстан ұлттық эниклопедиясынан») Үлгі: 1- үлгі 2- үлгі Реті 1 2 3 4 Бағалау критерийі: Берілген мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялаңыз. Дескриптор: - Берілген ақпаратты түсініп алыңыз, ақпараттарды іріктеңіз. - Берілген мәліметті кесте не диаграмма түрінде көрсетіңіз. 2-тапсырма. Шартты белгілер бойынша берілген ақпараттарды түсіндіріп, мәтін жазыңдар Бағалау критерийі: Берілген мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялаңыз. Дескриптор: - Берілген ақпаратты түсініп алыңыз. - Шартты белгілер бойынша берілген ақпараттарды түсіндіріп, мәтін жазыңдар
Шығарма
Батырлар.
"Батыр туса — ел ырысы,жаңбыр жауса — жер ырысы" деп дана халқымыз айтқандай,батыр - халық үшін мақтаныш,арқа сүйейтін қаһарманы.Әсіресе,батырды қазақ халқы ерекше қастерлей білген.Оларды жоғары дәрежеде ұлықтаған.Халық ауыз әдебиетіндегі Алпамыс,Қамбар,Қобыланды батырлар және Абылай сұлтан,Қабанбай,Бөгенбай,Баяндар өз кезегінде жауға өздері қарсы тұра білген ержүректілер.Сол жаугершілік замандарда "батыр - әскери өнерге машықтанған,майданда ерлігімен танылған өр тұлға" деп саналған.
Сан тараулы тарихымызда батырларымыз ақын-жырау да бола білген.Мысалы,Қазтуған,Жиембет, Махамбет,Шернияз ақын-жыраулар.Олар жаумен айқасып қана қоймай,әскерлеріне рух беріп отырған.Ұлы Отан соғысы кезінде кеудесін фашистерге қорықпай тоса білген батырлар жетерлік болған.Бауыржан Момышұлы,Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова,Хиуаз Доспановалар жаудың Төлеген қаруларына қарамастан батылдықтарымен,өзіндік тактикаларымен батырлық көрсеткен.Отан үшін жандарын пида еткендердің бірегейлері болды.1989 жылдың желтоқсанында қазақ жастары Алматының орталық алаңында жиналып қайсарлықтарын көрсетті.Қайрат,Ләззәт сынды бозторғайларымыз елдік үшін қыршыннан қаза болған еді.Жамбыл Жабаев:
Отанға берген анты бар.
Әскерлердің қорғайтын
Бақытты құрыш халқы бар,
Жалындатып жігерін
Жаудан аман өз елін
Сақтауға берген анты бар, - деп қазақ даласының әр батырына арнап жырлағандай.
Қазіргі таңда батыр болу үшін әскери өнер керек те емес.Жаңалықтардан,газет-журналдардан адамдарды өрттен,судан құтқарып қалғандарды батыр дей аламыз.Қай-қай батыр болсын Отан үшін қаза болады."Ақынның хаты өлмейді,батырдың аты өлмейді" демекші,олардың есімдері мәңгі жадымызда қалсын!