Tatyana Anton1475
?>

67-бет, 6-тапсырма. Мәтіннен тірек сөздерді жазып, тірек сөздерді қолдана отырып, сөз тіркесін жазыңыз Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында отырған қырғауылды көреді де жақындап келіп: — Сәлеметсіз бе, қырғауылым, халің қалай? – дейді. Қырғауыл: — Жақсы, өзің қалай тұрасың? – дейді. Түлкі: — Жерге түсіп, сөйлессеңіз қайтеді, бір құлағым естімеуші еді? – дейді. Қырғауыл: — Жерге түсуге қорқамын, жерде әр түрлі аңдар бар, бізді жеп қоюы мүмкін, – дейді. Түлкі: — Әй, достым, қазір заман бұрынғы заман емес, жаңа ғана келдім, бұйрық шығыпты, біреуге біреу зорлық қылмасқа, қой мен қасқыр бірге жүрсін, түлкі мен тауық бірге жүрсін деген, – дейді. Қырғауыл: — Жақсы хабарыңыз бар екен, рақмет, достым! Мына жақтан бір иттер келе жатыр, оларға да хабарыңызды айтыңыз, есітсін, – дейді. Ит деген сөзді естіген соң, түлкі алды-артына қарамастан қаша жөнеледі. Қырғауыл: — Қайда барасың, түлкім, бұйрықты ұмытып кеттің бе? – дейді. Түлкі: — Кім біледі, бұйрықты ол естімеген шығар, – дейді міңгірлеп.

Казахский язык

Ответы

Novikova Aleksandrovna
Ffggfgggggg
vallium8354

Ата – ана туралы диалог құрастыру.

Аспандияр: Сенің өміріндегі ең қымбат, асыл жандар кім деп есептейсің?

Еркебұлан: Менің ойымша, адам өмірінде қымбат та, асыл жандар жетерлік, бірақ солардың ішінде тек біреуін ғана атап, қалғандарын бөліп тастау мүмкін емес секілді, себебі жүрегімізде әрбір жанның алар орны ерекше.

Аспандияр: Дегенмен, кімді атап өтер едің?

Еркебұлан: Кімнен сұрамасақ та, ең әуелі барлығымызға АНА қымбат деп ойлаймын, себебі аналарымыз біздерге жарық дүние сыйлап, түн ұйқысын төрт бөліп, мәпелеп, тәрбие беріп,осы күнге жеткізді.Осы орайда ойыма «Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың» деген мақал түседі. Сонымен қатар, ардақты әкелеріміздің де орны бөлек. «Әке көрген оқ жонар» демекші, бала тәрбиесінде, отбасында әкенің қамқор, тірек, асыраушы ретінде алатын орны ерекше.    

Аспандияр: Ия, дұрыс айтасың. Кімге болса да, ең әуелі ата – ана ыстық, қымбат. Анамыз бізге жарық дүние сыйлап, әкемізбен бірге бізді бағып – қағып, осы күнге жеткізді.  

Еркебұлан: Біздің ата – ана алдында үлкен парызымыз бар. Ол дегеніміз берген тәрбие мен үлгі – өнегесіне құлақ асып, бізге артқан үкілі үміттерін ақтау, «мынау кімнің баласы, көргенсіз екен» деген сөздерден аулақ болу.

Igor1406
«Алтын адам» — 1970 ж. басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды.Қорған қазбалары Қазақстанды 5 ғ. ЗБ мекен еткен ежелгі тайпалардың мәдениеті, өнері, діні жайлы құнды деректер берді.Алтын адам — Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақобасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 – 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар – ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Есік обасынан алынған археологиялық мәліметтерге қарап, бұл адамның біздің заманымыздан бұрынғы 5 – 4 ғасырларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер,мифология, т.б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. Алтын адам – Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

67-бет, 6-тапсырма. Мәтіннен тірек сөздерді жазып, тірек сөздерді қолдана отырып, сөз тіркесін жазыңыз Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында отырған қырғауылды көреді де жақындап келіп: — Сәлеметсіз бе, қырғауылым, халің қалай? – дейді. Қырғауыл: — Жақсы, өзің қалай тұрасың? – дейді. Түлкі: — Жерге түсіп, сөйлессеңіз қайтеді, бір құлағым естімеуші еді? – дейді. Қырғауыл: — Жерге түсуге қорқамын, жерде әр түрлі аңдар бар, бізді жеп қоюы мүмкін, – дейді. Түлкі: — Әй, достым, қазір заман бұрынғы заман емес, жаңа ғана келдім, бұйрық шығыпты, біреуге біреу зорлық қылмасқа, қой мен қасқыр бірге жүрсін, түлкі мен тауық бірге жүрсін деген, – дейді. Қырғауыл: — Жақсы хабарыңыз бар екен, рақмет, достым! Мына жақтан бір иттер келе жатыр, оларға да хабарыңызды айтыңыз, есітсін, – дейді. Ит деген сөзді естіген соң, түлкі алды-артына қарамастан қаша жөнеледі. Қырғауыл: — Қайда барасың, түлкім, бұйрықты ұмытып кеттің бе? – дейді. Түлкі: — Кім біледі, бұйрықты ол естімеген шығар, – дейді міңгірлеп.
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

stertumasova29
kchapurina591
tatarinova-51
proh-dorohova5244
musaevartur
krikriska84
kogakinoa
drozd228758
s-laplandia6
Andrei
Kolokolnikova DANIIL179
Shalito
chernovol1985255
ИгоревичАндрей
miheev-oleg578