Туған жер - әркімнің кіндік қаны тамған қасиетті мекен. Оның күні де, түні де, тау-тасы да, сарқыраған өзені мен жайқалған көк майсасы, еркелей ескен желі, шұрқыраған жан-жануары, шырылдаған құстары - бәрі де жаныңа ерекше ыстық, ерекше жақын. Қайда жүрсең де өзіне тартып тұратын, есіңе түссе көңіл қобызыңды беу-беулетіп, жүрек отын жағатын дүние есігін ашқан жеріңді сүймеу, алыстасаң сағынбау мүмкін емес. Себебі, туған жер - Сахарада да туған жер. Жерінде жеміс-жидек бітік өсіп, көк желегі жайқалмаса да, қу шөптің басы қылтимайтын туған топырағың бәрі-бір де қасиетті, бәрі-бір де өзге жер, өңге мекенмен салыстыруға да келмейді.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
І. ЖАЗЫЛЫМ Берілген үш тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздердіорфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалаңыз, жазба жұмысыңыздареттік, жинақтық сан есімдерді, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орындықолданыңыз.1. Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігіЖазғы демалыс кезінде ауылдағы туыстарыңыз қалаға қыдырып келді. Қонақтарменқаланы аралауға шықтыңыз. Қай жерлерге апарасыз? Неге? Қала өмірінің ерекшелігін жәнебарған жерлеріңіз туралы сипаттап жазыңыз.2. Отан отбасынан басталадыӘр адамның өз отбасы бар. Сол отбасында туысқандар, бауырлар өмір сүреді. Сіздің деотбасыңыз бар. Барлығы сізді жақсы көреді, сіз де оларды жақсы көресіз. Отбасыңыздың бірмүшесін сипаттап жазьңыз3. Таулар сырыБіздің еліміз жазық жерде орналасқан. Тек кейбір облыстарда ғана таулар бар. Егереліміз тек таулы жерде орналасса, қандай мүмкіндіктер мен ерекшеліктер болар еді? Өзойыңызды жазыңыз.