Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, тезис жазыңыздар. (Прочитайте внимательно текст и запишите тезис в тетрадьМ.Әуезов атындағы академиялық драма театры1926 жылы дүниеге келген қазақ өнерінің кәсіби қара шаңырағы - М.Әуезов атындағы академиялықдрама театры. М.Әуезов атындағы академиялық драма театры – ұлттық мәдениетіміздің мақтанышы.Республикамыздағы кез келген өнер ордасы осынау киелі шаңырақтан еншісін алып, жеке ұжым ретінде ел-жұртқа танылған. Опера, балет өнері, филармония, Қазақконцерт - қай-қайсысы да осы тұнғыш драматеатрының құрамынан бөлініп шыққан мәдениет ошақтары. Сол сияқты қазақ режиссурасы мен актерлікшеберлік құпияларының да жан-жақты өрбіп, дамып-даралауына осы аталған театрдың ықпалы өте зор. Өзінің85 жылдан астам шығармашылық ғұмырында ондаған-жүздеген өнер жұлдызының аты-жөндерін ел-жұртқакеңінен танытты. Атақты өнер отауының алғашқы тізгінін ұстағандар: М.Әуезов, Ж.Шанин, Ж.Аймауытов, Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқұлов, Ш.Айманов, С.Майқанова секілді әйгілі тарлан боздар.Ғ.Мүсірепов, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, Қ.Мұхамеджанов, Ә.Тарази, Қ.Ысқақ, Д.Исабеков, Иран-Ғайыпсынды драматургтеріміздің де шығармашылық табыстары осы үлкен театр тарихымен тығыз байланысты.Иә, сахна киелі. Оның төрінде күні кеші ғана төл сахнамыздың дүлдүлдері: Б.Римова, Н.Жантөрин, Ы.Ноғайбаев, Ә.Молдабековтер өздерінің саф өнерлерін барынша паш еткен. Олар дәстүр-түлімдеріне берік, мамандықтарына шын құмар да құштар жандар еді.Ә.Сығай. «Театрлар шеруі» кітабынан
Қонақжайлық – қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрінің бірі. Сонымен қатар адамдар арасындағы сыйластықты, бір-біріне деген құрметті, қамқорлықты білдіретін, кісінің адамгершілігін, имандылығын айқындайтын қасиет.
Адамдарды тіліне, дініне, ұлтына бөліп-жармай, достық ықылас көрсетіп, ас-дәм беру қонақжайлықтың негізгі белгісі. Қазақ халқының қонақжайлық қасиеті мен дәстүрі шетелдік саяхатшылар мен ғалымдарды әр уақытта таң қалдырған. Дәстүрлі қазақ қоғамында әкенің балаға қалдыратын мұрасының белгілі бір бөлігі міндетті түрде қонаққа тиесілі енші деп есептелінген. Қазақ сахарасындағы кез келген жолаушының кезіккен ауылдан тамақтанып, тынығып алуына мүмкіндігі болған. Әрбір үй иесі оны барынша сән-салтанатымен, пейілімен қарсы алып, ақ тілеумен шығарып салуды өмірдің айнымас шартына балаған. Отбасы үшін жолаушыны қонақжайлықпен күтіп алу бұлжымайтын моральдық-этик. қалып ретінде орныққан; қонақжайлық Қонақ; Қонақасы; Қонақ кәде.
Объяснение:
Осылай деп ойлайм